Ермекова Қаламсия. 1921 жылы 9 қарашада Жымпиты ауылында (Сырым ауданы) дүниеге келген.Орал педучилище бітіреді. Әкесі жастай  дүние салады, анасы бес баламен  қалады. Үлкені-Қаламсия.1942 жылдың 23 сентябрь айында,- деп еске алады майдангер апа,-Орал қаласынан 23 қыз майданға, алғашында Ленинград майданынан бастап, кейін Қиыр Шығысқа аттандық. Осы майданды сол кезде қолбасшы Маршал Малиновский басқарды. Шығыс майданында Манчжурияны, Қытай жерлерін Жапон басқыншыларын азат етуге қатынастым, десант армиясының құрамында болдым. Шығыс майданға  командировкаға келген  Бауыржан Момышұлымен кездестім.Жеңіс күнін Владивосток өңірінде, Березовка деген  деревняда қарсы алдым.Соғыста ІІ дәрежелі „Отан соғысы” орденімен және көптеген медальмен наградталдым Соғыста  бастан жаралы болдым.Хабаровск қаласында госпитальда болып , күзде елге оралдым.Бес бала тәрбиеледім, 1971 жылдан зейнетке шықтым.Жолдасы- Машаев Самиғолла –есепші болған, 1993 жылы қайтыс болды.

Молдашев Сәрсен. 1917    жылы 15 желтоқсан күні  облысымыздағы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Сол ауданның  мектебінде 7 сыныпты бітіріп, Чапаевқа көшіп келіп, оқуын жалғастырды. Орта білім алған Сәрсен ағай білімін әрі қарай  дамыта түсу мақсатында Орал қаласындағы қаражат бөліміне оқуға түсіп, оны тәмәмдаған соң, Чапаевта  бухгалтер болып жұмыс жасады.1939 жылы әскер қатарына шақырылды. 1941 жылы  Ұлы Отан соғысына әскер қатарында жүрген  жерінен аттанып Халхин-Гол  жерінде соғысты. Соғыстан  1946 жылы келді. Одан кейін ауылда  статистика бөлімінде, РАПО-да(аудандық агроөнеркәсіптік бірлестік) бухгалтер болып жұмыс жасады. Еңбек жолының  соңғы жылдарында кәсіподақ ұйымдарында бухгалтер болып , сол жерден зейнеткерлікке шықты.

Қасым Сүндетқалиев. 1913 - 2002 ж.ж.

 Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың 16 қарашасында аттанады. Дұшпанмен ІІІ Беларусь майданында ұрысқа түседі. Жапондарға қарсы шайқастарға да қатысады- Байқал майданынан бастап,Порт-Артурға дейін жетеді. Армиядағы қызметтен 1946 – ның   қарашасында босайды.1953 жылы Алматыдағы екі жылдық заңгерлік мектепті бітіріп, прокуратурада қызмет жасайды. Аудан прокуроры болды. Зейнеткерлікке 1973 жылы шыққан Қасым аға содан кейін де ауданның ортақ шаруасына ,жастар тәрбиесінің қам-қаракеттеріне белсене араласты. Ал 1998 жылы Чапаевта ардагер хоры құрылғанда кеудесінде „І дәрежелі Отан соғысы” ордені, отыз медал жарқыраған оның сол ұжымның мүшесі болғанына да ауылдастар сахнадан куә болды.

Қадырбергенов  Мүтәлі.     1926 – 2003 ж.ж.                        

1926 жылы 20 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, К.Маркс атындағы ауылда дүниеге келген. 1944 жылы армияға шақырылған. №91 „Александр Невский” полкінде болған. Бір рет жеңіл жаралы болған.    І топтағы соғыс мүгедегі.Жауынгерлік көптеген наградасы бар.тан кейін Орда ауданында қызметте болған. 1952 жылы біздің ауданның Чапаев ауылына келіп қызмет жасаған. 1986 жылы пенсияға шыққан.  9 бала өсіріп, тәрбиелеген.

Тасқалиев Естұғыл.      1926 – 2003 ж.ж.         

1944 жылы соғысқа шақырылып,3 ай әзірліктен өткен соң Берлин бағытында соғысқа түскен. Жеңісті Берлинде бірге қарсы алған. Шайқастағы еңбектері бағаланып, көптеген орден, медальдармен наградталған. Германиядан 1947 жылы елге оралған. 1950 жылы әскерге қайта шақырылып, 1951 жылдың маусымына дейін Қытайда болған.

Акутин Александр Михайлович. Родился 12 сентября 1926 года в с. Чапаево в крестьянской семье, окончил школу  в 1943 году. В том же году был призван в Советскую Армию. Участвовал в боях под Псковом. В конце войны в 1944 году был направлен на 2- ой Прибалтийский фронт, где был тяжело ранен.  Домой возвратился в 1945 году. После возвращения, пройдя курс лечения, поступил на работу в автобазу и проработал там до пенсии. Имеет награды: орден Отечественной войны, медаль „За Победу над Германией в ВОВ 1941-1945 гбилейные медали.

 

Мостовщикова Зоя Тимофеевна. 1913–2002ж. Родилась 28 декабря 1924 года в п. Порок Дрегольского района Ленинградской области, в рабочей семье. Закончила  7 классов. В 1941 году ушла на фронт. Воевала на Ленинградском фронте. Была поваром. Вместе с полкучаствовала в освобождении Эстонии,Латвии,Литвы, Румынии.  Встретила Победу в Румынии. На фронте вышла замуж. После демобилизации в 1961 году мужа направили в Казахстан, в Чапаево. С 1941  по 1960 годы работала в воинских частях.

 
 

Телятов Александр Алексеевич. 1916 – 2001 г.

Родился в декабре 1916 г. с . Бударино ,Чапаевского района. В двенадцать лет переехал в с. Чапаево, здесь работал в МТС .В 1942 г. ушел на фронт.Служил сержантом. Принимал участие в боях на Курской дуге .Здесь в марте 1943 года его ранило, затем он получил контузию.За подвиг в годы войны награжден „Медалью за Отвагу”, медалью „За Победу над Германией”С фронта вернулся в мае 1946 г.Работал в „Казсельхозтехнике” кладовщиком.
 

Найденов Василий Александрович. Родился в с. Калмыково Тайпакского района Уральской области. В 1925 году окончил шесть классов в поселке Горячкино Чапаевского района, в армию был призван 17  января 1943 года, служил в 6 отд. Зап. Сибирского полка, курсантом. В  1943 командование направляет его на фронт. Освобождал  Украину, город Киев в  составе 1-го Украинского фронта под командованием генерала Ватутина. В 1943г. 8 декабря был ранен осколком в  левую грудь. После лечения был отправлен на 1-ый Беларусский фронт. В составе 1316 стрелкового полка старший сержант участвовал в освобождении  Беларуссии, Польши.  27 июля 1944 года получил второе ранение. После ранения и  отпуска служил в воинской части 42020 на полигоне. 29 ноября 1945 г. был демобилизован из Армии как инвалид ІІ гр. Отечественной войны. Награжден медалью „За победу над Германией”, орденом „Красной Звезды”, орденом”Отечественной войны” І степени . С 1945 - 1989 г.г. работал в различных организациях.

 
 
Аралбаев Мақсот. 1922 жылы бұрынғы Тайпақ ауданының Тайпақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы қазан айында соғысқа барып, 1944 жылы наурыз айында жарақат алып қайта оралған. 1944 жылдың сәуір айынан бастап Атырау облысының мектебінде алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі, 1947 жылдан 1949 жылға дейін Махат әскери комиссариатында жұмыс жасаған. 1949 жылы Тайпақта обаға қарсы күрес бөліміне жұмысқа кіріп, сол жерден зейнеткерлікке шыққан. Жауынгерлік ерлігі үшін 2 орден, бірнеше медальдармен наградталған.    

Жантасов Жексен. 1920-2005 ж.ж

Ауданымызда   1920 жылы  7.шілдеде дүниеге     келген. 5 сынып бітіріп, әр түрлі жұмыстар жасаған      1940 жылы 1 қазанда әскер қатарына   шақырылған. Шойын жол өңдеу оқуын оқыған.  Сонан соң соғысқа алынған. Жексен ағай Монғолия жерінде, Львовта азаматтық борышын өтеп, Отанымызды жаудан қорғауға қатысты. Туған жеріне 1948 жылы мамыр айында оралды. Ауаткомда, аутпарткомда, аудандық қаржы бөлімінде жұмыс жасады.    Қаржы саласы қызметінде оның шәкірттері аз емес.

 
 

Мұсақұлов Қауыс Айденұлы. 1919-2004 ж.ж 1919 жылы 10 қарашада  бұрынғы  Тайпақ    ауданында   дүниеге  келген. 1932 жылдан бері қарай мұғалім болған. 1936 – 1946    жылдары армия   қатарында   офицер болған. Москва  әскери   округінде    Камчаткада, Петропавл  қаласында әскери қызметте болды. Көптеген наградалары бар. 1946 жылы туған еліне аман – есен оралып, өзінің мұғалімдік жұмысына қайта кіріскен. 1969 жылы пенсияға шыққан. 1971 жылға дейін күзет бөлімінде жұмыс істеді. 1971 жылы тұтынушылар одағында қабылдаушы болған.

Зайыбы - Мұсақұлова Федосия - ардақты ана.  

Галимуллин Рафхат Галимуллаұлы. республикалық дәрежедегі зейнеткер. 1921 жылы Жаңақала ауданының Новая Казанка ауылында туды. Еңбек жолы 1939 жылы басталды. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін Жәнібек қазақ орта мектебінде оқытушы болды.1941 жмайданға алынып,Гомель офицерлер даярлайтын әскери училищеде оқып ,1942 жылы мамыр айында лейтенант атағын алып, батыс майдандағы 344–жаяу әскер дивизиясының кіші командирлер даярлайтын атқыштар батальонына штаб бастығы болып тағайындалды.1943 жылы сәуірде Подольск қаласындағы  курсты тәмамдағаннан кейін Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейін 36–Қызыл Тулы Неман атқыштар корпусының оперативті бөлімінде байланыс офицері болып, соғысты Германияның жерінде аяқтап,бірнеше орден,медалдармен марапатталған.Ұзақ жылдар кеңес,партия жұмыстарында қызмет етті. 1985жылдан Чапаев селосының Құрметті азаматы.

Өтемісов Кәрім. 1926 жылы Орал облысының Жәнібек ауданында туған. Әскер қатарына шақырылып, 1944 жылдың  6 желтоқсанында майданға жіберілген. Ол соғысты Бірінші Белорусь майданының құрамында өткізеді. Атқыштар бөлімшесінің командирі болды. 1951 жылдың 20 – мамырында әскерден босатылады. Көптеген награданың иесі.

Плотников Александр Сергеевич. Родился 15 сентября 1924г. в хуторе Пиунова Первомайского сельского Совета. В 1929 г. Семья

переехала в Кожехарово. В 1936 г. окончил 4 класса, начал работать в колхозе ухаживал за скотом, работал на посевной. 20 августа 1942 года ушел на фронт. Был направлен в Оренбургский гарнизон, затем рядовым на Ленинградский фронт воевал на передовой под Сталинградом, Киевом. Дошел до Берлина. В Берлине был ранен. В госпитале г. Познань пробыл до 25 ноября 1945 г. –В декобре 1945 г. Демобилизовался. Работал в лесхозе, в милиции, в ХПП, райавтодоре. Имеет ряд наград.

Қоспаев Қасен. 1924 жылы Чапаев ауданының Мерген ауылында туған. Қаршы орталау мектебінде 8 сыныптық білім алды. 1942 жылы Кеңес армиясы қатарына шақырылды. Украина, I және II Белоруссия майдандарында 28 – гвардиялық мотоатқыштар бригадасында, 8 – гвардиялық танк корпусында барлаушы болып ұрыстарға қатысты. Батыс Украинаны, Польшаны азат етуге, (Кенингсберг, Моблин, Люблин, Данциг) қалаларын алуға қатысты. Соғысты аяқтап, елге оралғаннан кейін Қаршы орталау мектебінде оқытушы болды. Ұстаздық ете жүріп, әуелі сырттай Орал педагогикалық училищесін, кейін педагогикалық институтты бітірді.    1954 жылдан бастап 25 жыл бойы партия, Кеңес, шаруашылық органдарында қызмет етті.     Соғыс жылдарындағы және бейбіт кезеңдегі ерлігі мен еңбегі үшін Қасен аға екі рет «I дәрежелі Отан соғысы», екі рет «Қызыл Жұлдыз», Октябрь Революциясы ордендерімен,  көптеген медальдармен және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен 2 рет марапатталды.     Қасен ақсақал бір қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіріп, 10 немере сүйіп отыр.     Соңғы 10 жылдың үстінде қоғамдық негізде Ақжайық ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы жұмысын атқарып келеді.

Сақыбалиев Зейнекеш Сақыбалыұлы. 1924 жылы туған. Қызыл әскер қатарына алынғанға дейін орта мектеп бітіріп, колхозда жұмыс істеген. Ұрыс даласына 1942 жылы 18 жасында қатысады. Курск – Орловскіде 19- атқыштар батальонының 8 – гвардиясында айрықша атқыштар бөлімінде командир бөлімінде міндетін атқарады. Корсунь – Шевченко операциясына қатысады. Зейнекеш Сақыбалыұлы Польшаны, Варшава, Познань қалаларын азат етуге қатысқан. Сөйтіп жауынгердің ұрыс жолы бірінші Беларусь майданының құрамында басталып, Берлинді бағындырумен аяқталады. Сержант Сақыбалиевтың бөлімшесінің атқыштары жау ұясында көптеген атыс нүктесін жояды. Рейхстагқа жол алушылардың қатарында болды. Отан қорғау жолындағы ерліктері үшін «II дәрежелі Даңқ» ордендерімен марапатталып, 1947 жылы еліне оралады. «Мемлекеттік үздік банк қызметкері» белгісінің иегері. Банк саласы қызметінде көптеген шәкірті бар.    

ОМАРОВ  ТҮЙЕШ   1909  жылы Тайпақ ауданы Калмыков   ауылында дүниеге  келген.1995 жылы дүниеден озды.  Тегі Жетібаулы Тана.оның - Қарақұнаны . Баба аруағы қонған сынықшы-емші.  Оның шипасын қажетсінген   сырқаттар Қазақстанның түкпір-түкпірін  айтпағанда, Ресейден  ағылып келіп жататын. Отан соғысына  қатысушы.Бірнеше  орден ,медальдардың   иегері. Соғыс жылдарында мертіккен жауынгерлерді өзінің табиғи емшілік қасиетімен  қатарға қосып,өміріне араша болған.

Майданнан оралған соң   қарапайым малшы ,сауда қызметкері бола жүріп ,ешқандай дәрісіз ,бойындағы табиғи қасиетімен науқастарды аяғынан  тұрғызып халық  құрметіне   бөленді.
 

Өтешов Ғалым. 1926 жылы 20 қарашада  Чапаев (қазіргі Ақжайық) ауданы Киров ауылдық Кеңесінде дүниеге келген. Киров орта мектебінің 7 сыныбын бітірген. 1943 жылдан1944 жылдың қарашасына дейін «Жаңажол» колхозында қызмет істеген. 1944 жылдың 18 қарашасында армияға шақырылады.  Южный – Уральск әскери округында 365 – атқыштар тобында әзірліктен толық өтеді.  1945 жылдың сәуірінен бастап қыркүйекке дейін 1020 атқыштар полкінде танктерге қарсы шабуылда, нысанашы болды.    Бронденбург қаласын алуға қатысқан. 1 маусымнан тамыздың 13 – іне дейін Бронденбургтан жаяу Белоруссияға келдік, - дейді ол. – Белоруссияда округтік артиллерия базасында курсант болдым – 1946 жылдың ақпанына дейін. Содан әскери қызметте 1950 жылға дейін болып, Минскіден 7 километр жерде босадым. 1950 жылдан Чапаевта автокөлік жүргізушісі болып, 1986 жылы №41 жол пайдалану ұжымынан зейнеткерлікке шықты.

Сәрсенғалиев Қаби.  1925 жылдың 6 маусымында Орда ауданына  Жиекқұм ауылында дүниеге келген. Ол сегізінші сынып бітіргенде соғыс басталып, одан әрі колхоздың жұмысын істейді. 1943 жылдың 1 қаңтарында  әскер қатарына алынып, 1943 жылы қыркүйек айына дейін оқып, кіші командир шенінде Отан қорғауға аттанады.  Соғысты Полтава қаласында бастаған ол содан кейін 5 – танкистер гвардиясының барлаушылар полкінде болады. Берлинге дейін жетеді. Соғыс жылдарынан кейін Германияда, Польшада, Белоруссияда, Москвада әскери қызмет етті. 1948 жылы елге оралып, милиция қызметіне ауысады. Ішкі істер бөлімінде 35 жыл қызмет етіп, орта және жоғарғы милиция мектептерін тәмамдайды. Ол ішкі істер бөлімінде аға сержант шенінен милиция полковнигіне дейінгі жолдан өтті. Қаби Сарсенғалиев төмендегідей марапаттауларға ие:

      Соғыспен барлық дерлік майданды өткен Қаби Сарсенғалиев «III дәрежелі Даңқ», «II дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордендеріне, 21 медальға ие. бейбіт еңбектегі наградалары да аз емес.

Сарбөпеев Қаматай. 1925 жылы Мерген ауылында дүниеге келген. Қарапайым, орта шаруа жанұядан шыққан.

1936 жылы Қаршы орта мектебінде оқыған. 1941 жылы 5 сыныпты бітіріп, 1943 жылға дейін жұмыс жасаған.  1943 жылы әскер қатарына алынады. 1945 жылы қаңтар айында аяғынан ауыр жарақаттанып, 1945 – 1947 жылдары госпитальда болған.

1947 жылы өзінің туған жеріне оралады. 1950 жылы Орал қаласында есепшілікке оқып, 1951 жылы Чапаев ауданында жұмыс жасайды. Орман шаруашылығында бес жыл есепші болады.  Чапаев қазақ орта мектебінде сол қызметті 20 жыл атқарады. Өзінің шаруақор, ұқыптылығымен көзге түсіп, кейін еңбек жолын ауданымыздағы білім бөлімінде жалғастырады. Осы қызметтен зейнеткерлікке шыққан. Қазір балаларының бәрі өсіп - өніп, ержетіп, жанұя құруда. Үйде жолдасы екеуі тұрады. 75 жаста.

Сыралиев Абылай.  Орда ауданының Талап кеңесіндегі «Көсем» колхозында 1925 жылы 25 желтоқсанда туған. 1942 жылы соғысқа алынып, 1949 жылға дейін әскерде Германия жерінде қызмет еткен. Жорық жылдарында Ресей, Беларуссия аумағында қиян – кескі шайқастарды бастан өткерді, соғысты Берлиннің өзінен аяқтады. Әсіресе Висла өзенінен өтіп, дұшпан бекінісін бұзуда қаһармандығымекөзге түсті. Миномет батареясында бөлімшебасқарды.

1949 - 1950 жылға дейін білім бөлімінде жұмыс жасады. 1950 – 1966 жылдары аудандық дене тәрбиесі комитетінің төрағасы. Сосын 1985 жылға дейін балық қорғау жөніндегі инспектор болды. – Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 2 орден, 16 медальмен марапатталған.

Нұрекешев Жәлел Нұрекешұлы.  1918 жылы 23 ақпан күні дүниеге келген. 1942 жылы сәуір айының бас кезеңінде аудандық соғыс комиссариаты армияға шақырды. Сәуірдің 4 жұлдызында Орал қаласының теміржол станциясынан сарбаздар бір эшелон болып аттанады. Орынбор облысынан келіп айға жуық уақыт ішінде тактикалық сабақтарға жаттығады. Сталинградты жауға бермеу үшін болған ұрыстардың бірінде жаралы болды. Оның ерлігі туралы журналист Б. Далабаевтың «Қазақстандықтар Сталинград шайқасында» атты кітабында жазылды. Сол жерде және 1944 жылғы 9 наурыздағы шайқастың бірінде қатты жарақат алған оны өлдіге санап, тіпті үйіне екі рет қара қағаз жөнелткен екен. 1946 армия қатарынан туған жеріне оралады. Оның омырауында І дәрежелі Отан соғысы ордені, оншақты жауынгерлік медаль жарқырайды. Соғыстан кейін де бар күш-жігерін Отан игілігі үшін жұмсайды. Жәнібек, Чапаев аудандарында мал шаруашылығы саласында басшы жұмыстарда істейді. Сексеннің сеңгірінен асқанына екі жыл болды. Ол - үлкен де тату отбасының басшысы. Зайыбы екеуі 9 ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген, 24 немере, 3 жиен сүйіп отыр.

Белочкин Павел Яковлевич.  Родился в 1917 году в селе Коловертное. Закончил 7 классов в селе Лбищенск, (ныне Чапаево). В 1938 году был призван в армию. Начало Великой Отечественной войны встретил под городом Брест. После лечения первого ранения, попал в полк защитников города Москвы. Москва, Соленски, Ржев, Минск и Кенингсберг в Восточной Пруссии-таков боевой путь старшего лейтенанта. Был пять раз ранен и до сих пор врачи удаляют осколки из его тела. За отвагу и мужество в годы Великой Отечественной Войны награжден орденами «Отечественной войны I степени», «Отечественной войны II степени» и орденом «Красная звезда» В 1946году был демобилизирован. После войны работал председателем, затем по направлению партии работал заведующим фермой в селе Горячкино Чапаевского  района. В 1968 году перед пенсией работал в Чапаевском лесхозе лесником.

Борзиков Павел Афанасьевич. Родился в 1925 г.в с Кожехарово Чапаевского района. Закончил 7 классов, трудовую деятельность начал в колхозе «Родник Новый». В 1941 г.закончил курсы ветерин. фельдшеров и работал в колхозе. В январе 1943 г. был призван в ряды Советской Армии, служил, воевал на Украинском фронте. За отвагу в бою на Днепре был награжден медалью «За отвагу». Участвовал в освобождении г. Кривого Рога, Молдавии, Румынии, Болгарии. Был награжден медалями: «За освобождение Балгарии», «За победу над Германией», и другими наградами, с 1945 по 1947 гг. Служил в Нижне-Днепровской  дивизии. С 1948 г. после демобилизации продолжил свою работу ветеринарного фельдшера в родном колхозе.

 

Мясников Василий Григорьевич.  Родился 12 февраля 1927 году в Лбищенске. Окончил три класса Каршинской средней школы, родители умерли рано. Рос сиротой. В 1944 году его призвали на фронт. Служил и воевал на Дальнем Востоке. Воевал с японцами. Получил ранение. В 1951 г. вернулся домой, помогал восстанавливать совхоз. Работал в связи. За боевые заслуги награжден медалью «За победу войны» и другими медалями.

Юлаев Михаил Иванович. Родился 17 декабря 1922 года в с. Горячкино Чапаевского района ныне (Акжайкского). На войну был призван в 1942 году. Михаил Иванович принимал участие в боях с немецко-фашисткими захватчиками под Сталинградом, воевал на Карпатах. За мужество и отвагу, проявленные в годы Великой Отечественной Войны награжден орденом Славы ІІ-степени медалью «За отвагу».После войны М.И.Юлаев Работал в с. Чапаево бригадиром МТС до выхода на пенсию в пожарный части.

Гульевский Валентин Платонович Родился 9 февраля 1919 году в Кемеревском области, в семье железнодорожника учился и окончил среднюю школу в городе Тайге. В 1940 году был призван в армию. Служил в г. Красноярск. Окончил полковую школу связи. В 1941 г. служил в штабе первой Гвардейской армии Донского степного фронта.В 1941 г. при взятии с. Наугольнивка Нижне-Дуванского района был ранен. После лечения вернулся в армию в стелковую бригаду, где был пулемедчиком. В 1943 г. под городом Старобельском был ранен во второй раз. Находился на излечении в г. Саратове. После третьего ранения попал в госпиталь города Уральска. После войны работал в райпромкомбинате.

 

Кадров Алексей Петрович. Родился 20 октября 1924 года в с. Чапаево. Учился в Чапаевской средней школе, которую окончил в 1942 году 6 марта 1942 г., был призван в армию, прошел всю войну. Демобилизовался 23апреля 1947 года. Работал в Чапаевском райпромкомбинате до 1969 года, а затем был переведен в быткомбинат. В 1984 году ушел на пенсию, но продолжил работать до 1991 года. Участник Великой Отечественной войны,  награжден многими наградами.

Шукуров Петр Васильевич. Родился 12 июля 1925 года в с. Мергенево Чапаевского района Уральской области. На фронт призвали 5 августа 1944 года. Окончил сержантские курсы в г. Горьком. В 1-ой гвардейской минометной бригаде проучился 3 месяца. После был отправлен на фронт. Служил в 3-ей гвардейской минометной бригаде, которая прибыла с Ленинградского фронта на перевооружение. В составе этого формирования дошел до Польши и участвовал во взятии Берлина. Награжден медалью «За взятие Берлина», орденом «Отечественной войны ІІ степени», медалью «За Победу над Германией» юбилейными медалями.

 

 

 

 

Социалистік   Еңбек Ерлері

1. Әлжанова Жұмағыз-  Тайпақ ауданы, Есенсай ауылы,  жылқы фермасын басқарған

2. Берғалиев Жөкен- Ақжайық ауданы, Сарман ауылы, жылқышы.

3. Ғилманов Қамеш-Орда ауданы К.Маркс совхозы, жылқышы.

4. Есенәлиев Дағар-Тайпақ ауданы, малшы.

5. Еділбаев Керей- Орда ауданы,жылқы фермасын басқарған.

6. Жүнісов Ниетқали- Орда ауданы Теректі ауылы, жылқышы.

7. Жауынбаев Демеу-аға шопан.

8. Қалисанов Мырзағали- Орда ауданы Теректі ауылы, аға шопан.

9. Құрмашев Кенже-Орда ауданы К.Маркс колхозы,жылқышы.

10. Кенжебек Мендәлиев-Жымпиты ауданы, қоғам қайраткері.

11. Мұқанаков Керей-Орда ауданы, жылқы фермасының меңгерушісі, аға шопан.

12. Мұқсимов Бақтыгерей-Тайпақ ауданы,Базаршолпан ауылы,еңбек сіңірген өндіріс озаты,Социалистік Еңбек Ері, аға шопан.

13. Ошанов Сұлтан-Орда ауданы Талап ауылы,жылқышы.

14. Сембаев Әбу-Тайпақ ауданы Сарман ауылы, аға шопан, жылқышы.

15. Темірғалиев Қабден-Орда ауданы Теректі ауылы,мұғалім,мектеп директоры.

16. Жұмағұлов Тілеуіш-Жаңақала ауданы, шопан, бөлімше меңгерушісі.

17. Черекаев Алексей-Жаңақала ауданы, Мастексай аулы-ғалым-маман,а.ш докторы.

 

  Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің  бүгінгі көзі тірілерінің  материалдарын бере отырып ,бұдан бұрын да майданда қаза тапқан жерлестеріміз жөнінде  «Боздақтар» кітабы шыққанын естеріңізге саламыз.Әйтседе, кешегі қан майданда өлді деген   «қара қағаз»  келіп,соңынан өздері аман-есен келген жағдайлар да болған.Осындай қызық жәйттердің бірін бүгін де Жаңақала ауданының тұрғыны , туған өлкемізге қадірлі ,жерлес ағаларымыздың бірі  Нәсіпқали Мақанұлының  мына әңгімесінен оқып, хабардар болсын деген ниетпен, оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.                                      

                 

                     Жылдар жаңғырығы

          --------------------------------------------------

         Есболсын    қария

 

          Мына әңгімеде – осыдан 54 жыл бұрынғы елдің бір суреті . Тіршілік атты дүниенің бір парағы.  Осындағы басты кейіпкер Есболсын Бектенбаев

1969 жылы 96 жасында қайтыс болған.Аруақты адамның басына адамдар түнеп жүретін көрінеді.    Ал оның Сталинградта жаудың сазайын берген

«Соғыста опат болды»  деген, бірақ ауылға тірі келген ұлы ,мүгедек сарбаз Нәсиболла Есболсынов  майданнан оралған соң Алғабастағы колхозда партком хатшысы болған.    Өмірден ертерек кеткен Нәсекеңнен қалған Күнсұлу мен Есенгелді атты перзенттері бүгінде аман-есен ,үйлі-балалы.

Қызы Күнсұлу Қожехар ауылында тұрады,ал баласы  Есенгелді Есболсынов  Алғабаста көп жылдар ұстаздық етті.аудандағы мақтаулы директорлардың бірі болды.Қазір Орал  қаласында тұрады.Үлкен бір ұжымның басшысы.

    Баласынан  «Қара қағаз»  келген күні Есболсын атамыз қара биесіне мініп ,дала кезіп кеткен дейді.Тылсым дүниемен сырласып қайтқан шығар.Әйтеуір , «Ұлым тірі ! », деп келген.

        

 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ жеңіспен аяқталған жыл. Барлық жерде де қуанышқа бөленген халық. Әрбір колхозда ,шағын ауылда өз шамасынша өтіп жатқан той.Майданда аман қалған жігіттер  аман-есен ,кейбірі жаралы болып елге оралуда.

   Осындай бір үлкен қуаныш біздің  «Алғабас» колхозы жерінде де болып жатты.

Бірақ ,осы бір қуаныш  үстінде  «Майданда ауыр жарақаттан қаза болды»,-деген «қаралы қағаз» бір отбасы атына қабат келді.  «Қаралы қағазға» жедел көз жүгірткен  басқарма бұл қайғылы хабардың  ауылдың терістігінде 5-6 шақырым жерде  қой бағып отырған,емші атанған ,елге сыйлы  Есболсын қарияның майдандағы жалғыз баласы жайында екенін білді.  Майданға аттанған жалғызын ол үйде Есақаңмен бірге  алпыстарға келген анасы,жас жұбайы күтуде еді.Енді бұл хабарды оларға қалай естіртуді білмей колхоз басшысы ,ауылдық кеңестің  төрағасы,қой бөлімшесі меңгерушісі ,басқа да ел азаматтары қатты қиналды.Бүкіл ауыл болып айтар сөз таппай теңселді.   Ақыры:  «Қой , бұл қу соғыс кімді жалмамады ,естіртпей болмас,сүйегі болат ,дана қарт еді,өзін-өзі ,жанұясын ұстар,басу айтар,сөз табар!»- деп бір топ адам пар ат жеккен арбалармен үлкенді-кішілі болып Есболсын қарттың үйін бетке алып жолға шықты. Үлкен кісі ішімдік түрін көп жаратпаса да «Барып шайға отырамыз ,түрлі әңгімелер де айтылар  , Жеңіс қуанышы да ,қаза қайғысы да бар,көңілімізді басармыз»,-деп ,жігіттер  той ішімдігінің бір жәшігін арбаға сала жүрді.Осылардың келе жатқанын сезгендей қария да есік алдына шығып тұр екен.Ілезде шағын ауылдың барлық адамы тез жиналып қалды.  «Ұлы Жеңіс құтты болсын !» деп айтылып жатыр.Дегенмен бұлардың тегін

келмегенін сезген қария да,оның бәйбішесі мен келінін де де  көп сөз жоқ..Жолаушылардың атбасын осы үйге тірегендерінде бір мән бардай.Есақаң:

  --Ал,хош келдіңдер !Үйге кіріңдер.Жай жүріс пе?-деп айтып жатыр.

   Колхоз басқармасы мен ауыл Кеңес төрағасы екеуі де қатарласа:

--Есақа ,әуелі өзіңізді Жеңіс күнімен құттықтау ғой ,сәлем бергелі келдік ,жәй ғой,жәй ғой,-деді.

       Соңынан бәрі шұбыра үйге кірді.Келіндер жағы жүгіріп ,үйдің кең бөлмесіне көрпелер төсеп жатыр.Екінші бірелері самаурын көтере ұмтылды..Бәрі төрге орналасып отырған соң ,аңтарылған сәт орнады..Колхоз орталығынан келген көпшілік бәрінен жасы да үлкенірек , сөз айтуға да икемдірек колхоз басқармасының бетіне қарай берді.Ол да сөзді қалай бастарын білмегендей

күреңітіп басын төмен сала берді.Осы бір тығырық сәттен талайды көрген қарттың өзі шығарды.Ол колхоз басқармасының бетіне қадала қарап :

--Ал,басқарма балам!Бір үлкен қиналыс,тебіреніс үстінде отырғандайсың.Сіздердің бұл бұл келістеріңнің жайдан-жай келіс еместігін де  біліп отырмын.Өзім де не айтарларыңды білгендеймін.Менің басым бұл өмірде не көрмеді,не естімеді дейсіңдер,айтарларыңды тура айтыңдар.!-деді. Колхоз басқармасы да  бір қалың ойдан арылғандай :--Қайран ,Есақам-ай! Өзіңіз сезсеңіз маған ,мына халыққа не айт дейсіз.Мына аяқталған сұрапыл соғыс  бұл дүниеден кімді әкетпеді?!Одан зардап шекпеген отбасы қалды ма?Бүкіл ел сыйлаған ,ой-өрісі ,түсінігі теңіздей   мен Сізге мына арнайы келген көптің атынан не айтам?Сізге мен оны қалай жеткізем?Бүгін Жеңіс күнін тойлаған күн еді.!   Сол күнмен қабат  ауыз барып айта алмайтындай

ауыртпалық-салмақтың да келетінін кім білген?

Ендігі қалған ел ,халық аман болсын! Осы Жеңіс күніне бізді жеткізу үшін жалғызың майданда ерлікпен қаза болыпты.Берік бол ,Есақа ! ,-деп

көз жасын төгіп жіберді. Оған қосылып  басқалар көздеріне жас алды.Қарияның жұбайы жоқтау

 айтып ,келіні өксіп  талықсып кетті.

  Бір ғажабы ,шеткері отырған жалғыз ғана Есболсын қарт емендей берік күйде өң де бермей ,көзіне  жас алмай ,жанқалтасына қол салып ,кішкене жібек дорбаға салынған тәжірибе қарайтын тастарын алып ,ішінен күбірлей бірдеме айтып ,өз алдындағы шағын ашық жерге құмалақ тастарын

Шашып жіберіп ,әр тастың жатыстарына қарап ,өз ішінен бір есеп жасай бастады.

    Содан кейін бұл көрініске аңтарылып қарап қалған

көпшілікке бет бұрып ,әуелі жұбайы мен келініне :

 --Кемпір ! Жоқтауыңды тоқтат !Келінім есіңді жи ,

жаман ырым бастамаңдар !-деді.

      Содан кейін басқаларына бағыттап :--Уа ,жұртым ,осындай жайсыз бір хабар алып ,менің отбасыммен бірге бөлісе қайғырғандарыңа мың сан алғыс!Сіздер маған басу айтсаңыздар ,енді басу сөзін сендерге айтпақпын! Сабыр етіңдер ,ерте жаман ырым бастамаңдар .Менің балам әлі тірі.Әрі кеткенде бір айда бір хабар келер  ,аржағында көп кешікпей өзі де келіп қалар.!-деп асықпай құмалақ тастарын жинап ,қайтадан дорбасына салып алды.

   -Ойпыр-ай ,не дейді ,-деп әуелі колхоз басқармасының даусы шығып кетті.

Жылау,шу су сепкендей басылып , бір өлі тыныштық орнады.

--Ойпырым-ай !Мынау бір біз өмірі көрмеген жәй болды-ау !Әй ,келіндер ,шәй әкеліңдер .Жігіттер ,сырттағы жәшікті үйге кіргіз ,-деді Кеңес төрағасы.

-- Құрсын , мына «қара қағазы».Екінші рет мұны маған көрсетпесін!Есақа ,ескерткіш белгіге алып қоям десең мә!-деп қалтасынан   «қара қағазды»алып оны қарияның алдына тастай берді.

--Балам келген соң ,өз қолымен жыртқызармын ,-деп ақсақал да оны бүктеп төсқалтасына салып алды.

   Аржағында шәй да келіп,гу-гу әңгіме басталды.

Манағы қайғылы хабар мүлде болмағандай .

Жеңіс құрметіне рюмкалар көтеру де басталды.

Сол жерде колхоз басқармасы :-- Есақа , біз Сізге қайғылы хабар әкеліп ,оны Сізге айта алмай қиналсақ.Сіз өзіңіз бізге қуаныш хабар айтып

Еңсемізді бір көтеріп тастадыңыз.Тек айтқаныңыз келгей!Сол қуаныш ұшін бізбен қағысып ,бір рюмка алыңыз,-деді.

--Ие ,сіздердің заманыңыз осылай ғой,өздерің маған қарамай ала беріңдер.Мен әкемнің тірі кезінде-ақ ,осы ішімдікті аузыма алмаспын ,деп оған сөз  берген едім.

Бірақ,колхоз басқармасы оған тоқтамай  :

--Жақсы ,Есақа,Сізді қинамайық.Бірақ,Сізге қояр тағы бір өтінішім бар.Және ол келешекте бүкіл ел аузында қалар,естелік боп айтылар өтініш.Орындаймын десеңіз ғана айтам ,бастартсаңыз жолы үлкен ,ерекше бір жан Сізге

Мен басқа не дейін!?-деді.

  Кішкене ойланып барып қарт та :

--Жақсы ,мен келістім,айт өтініш-тілегіңді !-деді  ақсақал .

 --Олай болса ,Есақа ,мына отырған жұртшылық ,өз балаңыздай ұлдарыңыз бен келіндеріңіз өмірде сирек кездесер оқиғаға куәгер болып отыр.

«Ел арыстарының бірінен тағы айрылдық па «,-деп ,қайғырған бізге өзіңіз тәжірибе қарап   ,  «...балам тірі»,деп бізге  Сіз өзіңіз басу айтып отырсыз.Егер осы көріпкелдігіңіз жүзеге асып ,балаңыз майданнан аман келсе   оның тойын колхоз болып ,көтеріп алып жасамақпын.Сол кезде ,бақилық болған әкеңіз кешірер ,Сізге қандай ыдысқа болса да осы «тентек судан» құйып өз қолымнан беремін.Қуаныш үшін сол тілегімді орындайсыз ба?

  Сәл езу тартқан қарт :--Осылай айтарыңды білгенмін.Айтқаным –айтқан,өтінішіңді орындаймын.,ашық та көтеріңкі дауыспен.

  Бұдан кейін арада бір ай жарымдай уақыт өтті.Қарттың айтқаны қолға ұстатқандай келіп,әуелі баласынан «Ауыр жаралы болып госпитальға түскен едім,қазір тәуірмін.Кешікпей елге де қайтармын.»,-деген үшбұрышты жауынгер хаты,кейін соңына бір жұма салып баланың өзі де келді.      Бүкіл колхоз болып аяғынан тік тұрып ,ақсақалдың үйінде той өтті.Айтарын айтып шулаған халық бір басылған сәтте колхоз басқармасы орнынан тұрып :

--Уа,халайық!Ең әуелі мен мына көріпкел ,әулие жанның алдында басымды иемін!,-деп басын иді.

--Екіншіден ,Есақаңмен алдын-ала келіскен шартымды орындаймын.,-деп бір айран ішетін  үлкен кәрлен кәсе  алдырып ,оған бір жартылық арақты тұтастай бір құйып қартқа ұсынды.

  Қария да ішінен күбірлей бірдеңе айтып ,бір кәсе ақ арақты салқын су ішкендей сіміріп басқа бір-ақ көтерді.

  Содан кейін көз алды сәл тұманданғандай  болған қарт орнынан тұрып :

--Тойды өздерің жалғастыра беріңдер ,мен малға кеттім !-деп аздап теңселе басып ,бірақ мығым күйінде сыртқа шығып жүре берді.

Бұл таңғажайып көріністен ауыздары ашылып ,естерінен танып қалған көпшілік  «Ай ,бұрынғының адамдарының сүйегі болат қой !»-дан басқа ештеңе айта алмады.

                     

                     

 

                 

 

 

                       Туған  өлке : адамдар мен тағдырлар

                        ---------------------------------------------------

                                   

    Оқырмандар назарына ұсынып отырған келесі әңгімеміз де Ұлы Отан соғысы кезінде  «қара қағаз» келіп ,соңынан өзі тірі келген майдангер жөнінде. Шүкіршілік ететініміз; бұл ағамыз дүниеде әлі бар. Немерелері  мен келін - балаларының  ортасында бақытты ғұмыр  кешуде.

 

«Мен   тірімін»

 

 Халық        депутаттары    Чапаев     аудандық     Советі   атқару    комитетінің      шешімімен   аудандық   әскери     комиссариатта   Ұлы   Отан  соғысында   қаза   тапқан ,  хабарсыз   кеткен ,  соғыстан  алған   жарақаты   негізінде   қайтыс   болған    жерлестер есімін   Ескерткіш  кітапқа  енгізу   үшін   іздестіру    мақсатында   инициативалық  топ   құрылып, өз  жұмысын   бастағаны белгілі . Осы жұмысты жүргізу барысында кездескен     мына   бір   қызғылықты   жәйтті    оқырмандарымызға  жеткізуді  жөн   көрдік .     

    Әдеттегі   жұмыс   күндерінің   бірінде   әскери  комиссариаттағы  жұмысшы      топтың    мүшесі , архив   қағаздарын    рет - ретімен тексеріп,  анықтап   отырған   Қимош    Шаяхметов  ағамыз  редакцияға   келді.

   –«  Жігіттер   қызық   оқиға   болды .   Біздер   соғыста    өлді  деп  ,«қара     қағазын »   тіркеп ,  жер  бетінде   жоққа   санап   жүрген  азаматымыз    бүгін   тал   түсте   балдаққа   сүйеніп,  әскери    комиссариатқа   өзі   келіп   тұр .   Біз   аң – таң    болдық .  Мән – жайдың   анығын   білу   үшін   дереу Комиссариатқа   келдік .  Балдақты ,  ұзын бойлы , қапсағай   денелі ,  жасы  жетпіске  таяп   қалған   қария   тұр  алдымызда  .  Документ   жүзінде   осыдан   қырық  бес  жыл   бұрын   қаза   тауып, еліне    «қара   қағазы»  келген,  бұған дейін ресми құжаттарда «өлді»делініп жүрген соғыс   ардагері   балдағы  мен   протез   аяғы   сықырлап   қасымызға    жақындады .  Амандық – саулық  сұрасқаннан  кейін   әңгімені  өзі   бастады:  -Мынау   1943  жылы   менің   әкем  алған  «қара   қағаз ». -Бір   жапырақ   қағазды   бізге   ұсынды . Онда  былай   деп   жазылған: «Жұбаев   Әбуғали  -  Батыс   Қазақстан  облысы ,   Чапаев   ауданы , Кожехар  селолық  советінде  1923  жылы  туған.  1943 жылы   тамыздың   14-де  қаза  тауып,  Смоленск  облысы,  Ельнинск  ауданы , Истопки  деревнясының  батыс   жақ  бетінде , 600  метр  жердегі    бейітке    жерленген» .    Бұл   қайғылы  хабарды  естігенде  әкем  Сапар   қатты   күйзелгенін  сол   соғыстан   аман – есен   ауылға   оралған  соң   естідім .

  --Сіз   сол  Истопки   деревнясы   маңында   болған   ұрыс    жөнінде  айтыңызшы,-  деп  өтіндік.  Ол көп бәлсінбей,балдағын жарға сүйеді де әңгімесін   бастады.Біз отыруына көмектесіп,орындық ұсындық.

    --Жарайды, айтайын . Мына  қағазда   көрсетілген   күні   дұп – дұрыс.  Сол  14  тамыз  күні  таңғы    сағат   төртте  ұрысқа    көтерілдік.  Бұйрық: Истопки  деревнясын   жаудан   азат   ету .  Біздің   зеңбірекшілер  ұрыстың   басынан   бастап   аянбай   соғысты .  Истопки  деревнясын   жаудан   азат   етті . Осы  ұрыста   қатар  тұрған  екі орудияға  да  мина  түсіп ,  тас  талқаны  шықты.  Біріншісі  мен   тұрған   орудия   болатын, екіншісінде  ауылдасым,  қанды  көйлек досым  Сағын  Тасқынов   бар  еді. Қасымдағы    майдандас   жолдастарым  қаза  болды.   Мен  топырақтың   астында   қалып , бастан  контузия  алғаным   болмаса  , былай  аман  қалдым.  Есімді  жиып  басымды   көтерген   бір  сәтте  ауылдасым   Сағынның  орудиясы  тұрған  жаққа   қарап   ем, жаңа  ғана  жауға  қарсы  атойлап   ұрыс салып  жатқан  ерлердің  біреуі  де  көрінбейді. 45  миллиметрлі  зеңбіректің   оқшонтайы   мен  дөңгелегі  ғана   топырақтан   шығып  жатыр.  Сағын  бір  үйдің  жалғыз  ұлы  еді, осылай  мерт   болды.  Сұм  соғыс  талайды  жалмап, құртты  ғой.  Сағынның  жөні мен  үшін  бөлек.  Өйткені,  екеуміз   сол  бір  қиын  қыстау  кезеңді   аз  күн  болса  да  бірге  кештік ,  оның  досқа   деген  адалдығын,  азаматтығын  көзіммен   көріп  қалдым  ғой.   ... Содан  кейін   мені  госпитальге  алып   кетті,  жазылып   шыққан соң   талай  майдан   жолынан   өттім, жараландым.     Ал, мынау   сонда  мені  өлдіге   санап,  ауылға   жіберген  «қара   қағаздары»  ғой.  Қаза   тапқандарды  жерлеуге   шыққандар   мені

де  сол   денелері   күлге   айналған   достарымның   қатарында  кетті  деп  ойлаған.  Соғыста  ондай  жағдай   көп  болды.  Бұл  да  соның  бірі   шығар.  Солай  қарағым,  қырық   жеті  жыл  өткен  соң   

мына   «қара   қағаз»  мені   қайта   тауып,  алыста  қалған   сұра – пыл  шақты   еске   түсіріп,  қанды  көйлек  досым  Сағынды  еске     алып  тебіреніп  отырған   жайым  бар.     Әңгімеге   Қимош  Шаяхметов  ағамыз араласты. – Тыңда  мені, тек  қана  1943 жылдың   өзінде   біздің   ауданнан  шейіт   болған,  хабарсыз  кеткен    жүзге   тарта   қызыл   әскердің   тағдырының   не   болғанын   жеткізген мынадай  «қара қағаз»-  құжат   келгені   белгілі   де,   тізімге   толық  тіркелмеген.  Ол  документтер   аласапыранда   жоқ   болған.  Сондықтан  да Отан   үшін   жанын  пида   еткен   азаматтарымыздың  есімін  анықтау  бізге   қиынға   түсуде.   Жұртшылық   тарапынан  әлі  көп  көмек   күтеміз.  Ұлы   Отан   соғысына   қатысқан   әкесі, ағасы,  жақын --  жұрағаты   туралы   мәлімет   берушілер    көбейе   түссе  екен   деген   тілек   айтамыз.  Бүгін,  міне,  көріп   отырмыз,Әбуғали   өзі   келді, көп  көмек  берді  бізге.  Рахмет.!

    Иә, Әбуғали   ағаның   кешіп   өткен   майдан   жолдары   туралы  үлкен     бір   дастан   жазып   шығуға   болады.  Талай   рет   оқ  пен оттың   ортасында   жүріп , ажалмен   бетпе – бет   келген   соғыс   ардагері   бұл  күнде   бақытты   шаңырақ    иесі.  Жұбайы  Ағиламен бірге   тату – тәтті   ғұмыр   кешіп, бір  ұл, екі  қыз  сүйіп, тәрбиеледі.  Ұлы   Нұрболат   қазір   сол   өзі   тұратын  № 3  фермасында   мал   дәрігері   болып  істейді.  Үлкен   қызы Қаламқас  Целиноградта (бүгінгі Астана-А.С.)  медицина  институтында   оқиды.

     ...Ұлын   ұяға,   қызын   қияға   ұшырған   қария   өңірінде  сол    бір сұрапыл    шақтың   белгісіндей   болған   екі   «Ерлігі   үшін»  медалі  «көрдіңдер ме,бұл ардагер тірі»,дегендей жарқырай   түскен  тәрізді.                            

                                           

                                                                                                                     А.Сәрсеков 1988 ж.17  шілде. «Ақжайық»   аудандық  газеті.   

Сайт создан в системе uCoz