Тарих қойнауында ашылмай жатқан талай-талай құпия сырлар бар.Солардың кейбірі біздің ауданның шежіресінде жасырынып жатқандай. Олай дейтін себебіміз;Біздің ауданды қақ жарып ағып жатқан Ақжайық өзені бағзы замандарда  «Ликос» деп аталса ,кейін Птолемей  картасында «Дайкс» деп аталған.Ал әйгілі араб географы Мұхамед әл-Идрисидің 1159 жылғы мәліметінде біздің Жайық өзені «Руза» деп. жазылады.Ал Марокко саяхатшысы Ибн Баттута   Сарайшық қаласына бара жатқан сапарында осы өзеннен 1333 жылы жүзіп өткенін жазады.Туған жеріміздің төл тарихының қыр-сыры мол екені осыдан-ақ байқалады .Ал қазіргі аудан орталығы Чапай ауылының тарихы тіпті қызық .Он сегізінші ғасырдың аяқ кезінде Сундай бекінісінің тұрғындары, айналасы түгел көрінетін тік жарға қоныс аударған. Су шайған жарға сұғына орналасқан мүйіс дөңес маңдайға келіңкірегендіктен. Осыдан келіп елді мекен Лбішін (лоб)  аталған.1843  жылы мұнда барлығы 109 үй болып, 603 адам мекен еткен. Селоға Қожеқар станциясы еніп, мектеп салынған, осы мектепте 37 бала білім алған. Сол сияқты бір шіркеу, бес желдиірмен, бір ішімдік сатылатын орын жұмыс істеген.Станицада 1889 жылы көпес С.П. Кондаковтың қамқорлығымен кітапхана ашылды. Келесі жылы почта бөлімшесі жұмыс істей бастады.1900 жылы Лбішін ояз қалашығына айналды. Оязға он станица, 29 елді мекен, 16 қазақ болысы, қысқаша айтқанда 164 ауыл енді. Ең бір айырықша  жай, осы кездеқалашықта бірнеше тастан салынған үйлер мен дүкеншелер, қазақтарға арналған үш кереуеттік және әскерилерге арналған бес кереуеттік емдеу жайының болуы еді. Онда бір дәрігер, бір фельдшер және бір фельдшер акушер жұмыс істеді. 1900 -1911 жылдарда Лбішінде алты темір ұстасы, екі ағаш шебері, төрт тігінші, бес етікші, бір қалайшы, төрт қайысшы және бір емші тұрғындарға  қызмет етті. 26 сауда  нүктесі жұмыс істеді.  Сенбі күндері базар күні есептелді. Ал 20 мен 27 ақпан және 25 пен 31 тамыз аралығында жәрмеңке өткізу дағдыға айналды. Қазан төңкерісіне дейінгі мұрағаттық материалдардың  аздығына байланысты  тарихи оқиғалар мен әкімшілік құрылымдарының  дәл тізбегін келтіру қиын .Бірақ ,  «Жадынамалық кітапша» (Памятная книжка) ,  «Адресті  күнтізбе» (Адресный календар) негізінде 1909 жылы облыс аймағында өз алдына Ілбішін уезі болған.Оның  құрамынаШаған,Скворкин,Бударин,Калмыков,Ілбішін,Мерген,Сахарный,Сламихин Глинен станицалары кірген.1920 жылы Орал губерниясы құрылғанда бұл аумақ Калмыков және Орал уездеріне бөлінді.

Орал уезі құрамында 1923 жылы 28 маусымда Ілбішін ,Бударин,Мерген,Кожехар болыстары болды.

Болыстар орталығы –Коловертной поселкасы.1928 жылы 17 қаңтарда Орал округы құрылады.Бұрынғы Ілбішін,Калмыков,Қарасамардың бір бөлігі,Кулагин,Тополинский болыстарынан Ілбішін ауданы құрылып,орталығы-Ілбішін (қазіргі Чапаев)  поселкасы болды.Бұдан әрі аудан территориясы жаңа әкімшілік-аумақтық өзгерістерге ұшырап ,орталығы Калмыков поселкасына ауысады.

1932 жылы 20 ақпанда құрамына 14 аудан кіретін Батыс Қазақстан облысы құрылады.Облыстың құрылуы 1932 жылы 10 наурызда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті –ВЦИК арқылы бекітіледі.Сол 14 аудан ішінде Ілбішін ауданы атап көрсетілген.Орталығы Ілбішін поселкасы.Аумағы(17.01.1939)-15.4 мың шаршы км..Халқының саны-34.2 мың адам.Жері 19 ауылдық Советке бөлінген .Олар:Балықты,Бидайық,Бітік,Бударин,Жайық,Каленый,Киров,Кожехар,Коловертной,Мерген,Октябрь,Сүттігенді,Талпын,Фурманов,Еңбек,Шалқар,Чапаев Т.б.ауылдық кеңестері болған.

Ілбішін ауданында осы уақыттарда 36 колхоз,4 совхоз,3 МТС болған.Атап айтқанда колхоздар :  Бірінші Май,  «Тегіс жол»,  «Жасқайрат»,  «Бірлестік» колхоздары

Салада барлығы 18 адам жұмыс жасаған.Оның 3-і врач ,9-ы фельдшер ,5-і акушер және 3 медбике.

      Отан соғысы басталуының алғашқы күнінен – ақ аудан тұрғындары аянбай еңбек етті.Сол соғыстың алғашқы күні 2 совхозда,17 колхозда және 3 МТС-та 150 адамның қатысуымен  жиналыстар өтті.1941 жылдың шілде-тамыз айларында ауданда 150 лекция ,9 баяндама Отан қорғау тақырыбына оқылған.9 мыңнан астам адам әңгіме, пікір алмасу секілді шараларға қатысқан. Ерлері соғысқа кеткенде орындарына әйелдері тұрып жанқиярлықпен еңбек етті.Октябрь МТС-ының комбайыншысы әскерге алынсымен,рөлге оның қарындасы Анна Саратовцева отырды.  «Трудовик» колхозының звено жетекшісі әскерге алынғанда оның орнына әйелі Мария Щурихина басқарды.  «Ерлеріміз ,аға-інілеріміз майданға аттанғанда біз де қарап отырмай егіс алқаптарындағы ерен еңбегімізбен жеңісті жақындатамыз»-деді ол.1941 жылдың 1-қыркүйегінде 200 әйел егіс алқабында жұмыс жасады.1941 жылдың шілдесінде  «Ынталы»,  «Еңбекші».  «Степ»  «Трудовик»,  «1-Май» колхоздары ет тапсыру жоспарларын абыроймен орындап шықты.  «Родник Новый»,  «Степь»,  Чапаев атындағы колхоздар жүннің жоспарын асыра орындап , М.Темірғазиев,шопан Өтегенов өнімді еңбектің үлгісін көрсетті.«Трудовик» колхозының жылқышысы А.Нысанбаев жоспарлы 29 құлын орнына 35 алды.1941 жылы аудан еңбекшілері Отан қорғау қорына  71 мың сом қаржы аударды.1941 жылғы 8-9 қарашада өткен сенбіліктен 19 мың 125 сом қаржы-10 тонна металл жиналды.Әсіресе  «Тегісжол»,  «Ленин жолы» колхозшыларының қосқан үлесі сүбелі болды.Жалпы аудан бойынша 272 жұп байпақ,745 жұп жылы шұлық,1589 жұп биялай ,165 фуфайка ,395 жылы бөрік т.б. жиналды.Колхозшылар Шынтеміров(Коминтерн) Есендияров (Коминтерн),Тәжікова(Социализм),Сапарғалиев

(Көшқұдық)  өз нормаларын 140-170 пайызға дейін орындады.  СССР-дың батысынан 1941 жылдың 10 желтоқсанына  эвакуациямен келген 400 адам ауданға орналастырылды.1941 жылдың соңына қарай батыстан балалар үйлері көшіріледі.Барлығы 627 бала келген.Оның 40-ы Мерген балалар үйіне беріледі.1942 жылы Сталинград облысынан Краснояр балалар Үйі біздің ауданымызға көшіріліп ,Коловертной ,Бударин мектептеріне бөлінеді. орташа 40 оқушыдан келеді.

113 мұғалім болған.Олардың ішінде жоғары білімді -1,қалғандары орта арнаулы,1 жылдық педкурс бітіргендер және 6-7 кластық білімі барлар.Сауатсыздықпен күрес      пәрменділігін арттыру үшін 1942 жылы сәуірде ауылдық Советтерге  жауапты адамдар тағайындалады.:

1.Мұхамедрахимов-Шалқар а/с
2.Перерва .Д.А.-Мерген а/с
3.Өтеулиев У.Х.-Чапаев а/с.
 4.Аронов.С.-Талпын а/с
5.Мажитов Р.-Киров а/с
6.Зинетденов.М.-Белағаш а/с
7.Шакеева –Бітік жұмысшылар Сонеті
8.Пак-Бударин а/с
9.Макшанцев –Коловертной а/с
10.Митяшева-Каленый а/с
11.Тәжібаев Ж.-Фурманов а/с
12.Құрманғалиев А.-Октябрь а/с
13.Ким.П.И.-Чапаев аудан.Советі
14.Мұқанов С.-Еңбек аул Сонеті
15.Туркеев Б-Бидайық а/с
16.Құрманғалиев И.-Жайық а/с
17.Құрманов-Сүттігенді а/с
18.Бегімбетов-Балықшы  а/с

Осы жылдарда  ауданда 2 аурухана (20 орындық),4 амбулаториялық пункт істейді.

     Өткен ғасырдың 20-30 жылдарында ауданда қалалық үлгідегі елді мекендер болған жоқ.Ілбішін поселкасының тұрғын үйлері мен қоғамдық ғимараттары азамат соғысында(3\4 бөлігі) қирайды,сауда-саттық тұрғыдағы бұрынғы маңызын жояды.30 жылдардың аяғында құрылыстары қалпына келтіргенмен,халқының бір ден-бір кәсібі-ауыл шаруашылығы болып қала берді.

1917 жылғы Қазан төнкерісіне дейін Калмыков поселкасы Орта Азия округінен келетін керуен жолдарының торабында орналасып,тауар айналымында транзиттік рол атқарған болса,Орал-Покровск шойынж олы салынғанна кейін ол маңызынан айрылды.Мал шаруашылығы –негізгі кәсіп көзіне айналды.Жалпы 18-19 ғасырларда Жайық бойындағы ел балық аулаумен шұғылданды.Олар үшін ауылшаруашылығы   «екінші дәрежеде»болды.1917-1921 жылдардағы кирату мен жаппай  күйзеліс Жайық жұртының бағзы заманнан бергі қалыптасқан осы дәстүрлі кәсібін біржола өзгертті.Дәлірек айтсақ;күйретті.Балық шаруашылығының үлес салмағы құлдырап ,ауылшаруашылығы  өркендей бастады.Аудан жерінің 80 пайызға жуығы мал. өрісі,еркін жайылымды жерлер болғандықтан мал. шаруашылығы ел өмірінде маңызды орын алды.Мал саны  төмендегі таблицадағыдай :

 

1917  жылы

1930 жылы

Барлығы

271525 бас

42327 бас

Оның ішінде:

 

 

Мүйізді Ірі қара

72686

30326

Қой

106214

7737

Жылқы

22630

1506

Түйе

4868

610

Шошқа

1147

1213

Ешкі

9980

934

Билік басына большевиктер келгеннен кейінгі 10 жылда аудан экономикасының күйреу масштабын мына мәліметтер дәлелдейді:

1.Ауданның малшаруашылығында үлес салмағы 59 пайыз болған қой басы кеміп 20 пайызға түсті.

2.Меншігінде бірнеше мыңдаған қойы бар жеке шаруашылық иелері (байлар) кейін орта шаруалар да құртылды,мал.-мүлкі тәркіленіп,талан-таражға түсті.

3.Жалпы мал басы -84,4 пайызға кеміді.Оның ішінде мүйізді ірі қара-58,3 пайызға;қой саны-92,7,;жылқы -93,3 пайызға түйе-87,5 пайызға ,ешкі-90,6 пайызға азайып кетті.Осы цифрлардан көргеніміздей ,әсіресе жылқы ,қой, түйе мен ешкі саны көп кеміген ,ал  шошқа саны өскен.

4.1917 жылы ауданның барлық егіс алқабы 25383 гектар құраса ,1928 жылы 9691 га болды,немесе төңкеріске дейінгінің 38 пайызы ғана.Жергілікті дихандар негізінен ақбидай,қара бидай,арпа,сұлы,тары ,аз-кем қыша мен күнбағыс еккен.Бақшалықтар мен бақтар да болған.Отызыншы жылдардың аяғы мен қырқыншы жылдардың басында егін орағы аяқталғанда  ауданда ауылшаруашылық көрмесін өткізу қолға алынады ,жыл сайын атжарыс өтіп тұрады.1940 жылдары ауданда халыққа  тұрмыстық қызмет көрсету ,байланыс,мерзімдік баспасөзге жазылу,елдімекендерді абаттандыру жайына көңіл бөле бастайды.100 нүктелік телефон торабы іске қосылады.,барлық совхоз орталықтары  мен 50 селолық кеңес пен колхоз кеңселеріне телефон желісі өткізіледі.Ілбішін , Каленый поселкаларында  почта,телеграф агенттіктері ашылады . Байланыс Орал-Калмыков кабелді тракт (грунтовый тракт) бойынша аптасына 4 рет болған. Бүкіл ауданда 15 почта жәшігі орнатылады.Аудандық байланыс жүйесінің  қырқыншы жылдардағы қызмет ауқымын мынадан көруге болады :1937 жылы аудан бойынша 92151 почта  корреспонденциясы алынды. Оның 53370 данасы –мерзімдік басылымдар.Тұрғындар 31266 данаға жазылған.. 

Бір адамға шаққанда алынымдар -4,3 ,оның ішінде2,5-і газет-журналдар,жөнелтілімдер -1,4 бірлік болған.Таралымы ең көп басылымдар : «Социалистік Қазақстан» ,  «Екпінді құрылыс» , «Казахстанская  правда» ,  «Известия»,  «Правда» , «Приуральская правда».1931жылдың қыркүйегінен аудандық газет шыға бастады. Тұтыну кооперациясы дамыды,7 сельпо  Каленый ,Коловертной ,Ілбішін ,Бітік елді мекендері бағытында  тұрақты тауар тасымалын жүргізді.,17 сауда нүктесі болды.       1936 жылы аудан бойынша тауар айналымы  (сатылымы) 310780 рубль құрады.30-40 жылдардағы  ең көкейкесті мәселе – сауатсыздықпен күрес болған.30-жылдар аяғына таман  аудан тұрғындарының  30 пайызы  қара танымады. Сауатсыздықпен күрес негізінен 1932 жылы құрылған Ілбішін аудандық халыққа білім беру бөліміне  міндеттелді.Аталған бөлімде арнайы қызметкер-сауатсыздықпен күрес инспекторы (инспектор по ликбезу) жұмыс істеді.

Сауатсыз коммунистерді оқытуға  ерекше мән берілді. Оларды оқыту алғашқы мұғалімдердің бірі Нұрмұхамбетовке жүктелді.Мектептер жүйесі қарқынды дамыды.1936-37 оқу жылдары  қарсаңында   ауданда мына мектептер оқу - тәрбие жұмысын жүргізген:

1.Ілбішін орталау                       19.Кожехар бастауыш
2.Шалқар орталау.                     20.Мерген балалар үйі
3.Жігер орталау                         21.Бостандық бастауыш
4.Қарсы орталау                        22.1-Май  бастауыш
5.Коловертной орталау              23.Аммосов қазақ мектебі
6.Чапаев орталау                       24.Сахарный мектебі
7.Дуана орталау                         25.Лебяжин мектебі
8.1-Май   орталау                      26.Кемер мектебі
9.Тегісжол бастауыш                 27.Талпын мектебі
10. Бірлестік бастауыш              28.Аңқаты мектебі
11. Круглов бастауыш               29.Қосшы мектебі
12.Жаңатұрмыс бастауыш         30.Қызылжар бастауыш
13.Жаңаталап бастауыш            31.Горячкин мектебі
14.Антонов бастауыш                32.Каленый мектебі
15.Барановка бастауыш             33.Сталин  мектебі
16.Еңбек бастауыш                   34.Қамыстыкөл бастауыш
17.Алғабас бастауыш                35.Балық заводы мектебі
18.Бударин бастауыш               36.Мерген орта мектебі

 

   (Құжаттарда атаулары түсініксіз 4 мектеп бұл тізімге кірген жоқ)Оқушылар саны әр жылдары 1100-2900 – ге дейін өзгеріп отырған.Әр мектепте

  Бұл жұмысқа алғашқы тағайындалып жұмыс істеген –Д.Есқалиев.Аупарткомның шешімімен әрдеңгейде сауатты  деген 200 адам (культармейцы) сауатсыздарды оқытуға жұмылдырылды.Барлық елді мекендерде оқу үйлері (изба-читальня),қызыл бұрыштар ұйымдастырылды  .

1.«Новая жизнь»-Каленый а\с
2.Ворошилов атын.-Каленый а\с
3.Чапаев атын.-Чапаев а\с
4.«Искра»-Чапаев а\с
5.Калинин атын.-Бидайық а\с
6.«Жаңа талап»-Бидайық а\с
7.«Степь»-Бударин а\с
8.Чуйков атын.-Бударин а\с
9.«Трудовик»-Бударин а\с
10.Молотов атын.-Жайық а\с
11.«Ждағат»-Жайық а\с
12.Манатау»-Октябрь а\с
13.Ленин атын.-  -\-\
14.«Көшқұдық»-  \-\-
15.«Жарқын көл»- \-\
16.«Еңбекші»-Белағаш а\с
17.«Жаңа жол»-  \-\-
18.«Алғабас»-  \-\
19.«Қызыл ақырап»-Мерген а\с
20.Қамыстыкөл-  \-\-
21.Сталин атын. -  \-\-
22.«Красный уралець»-  \-\
23.«Ынталы»--Еңбек а\с
24.«Игілік»- \-\
25.«Жаңа тұрмыс»- \-\

Совхоздар:1.Аммосов ет совхозы

                  2.Чапаев асыл тұқымды мал совхозы

                  3.«Первомай » қой совхозы

                   4.«Ілбішін» ет совхозы

Аудан тарихы беттерінен

       

     1971 жылы  ауданға Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы  Д.А.Қонаев келіп кеткен соң Чапаев селосы қала статусын алды, әйтседе уақыт өте келе чапаевтықтар бұның асығыс болғанына көз жеткізіп, беріректе ауыл деп қайта  аталды. Бірақ ауыл еңбеккерлері оны көріктендіруде көп жұмыс тындырды. Әсіресе аудан орталығының, барлық елді мекеннің келбетінде сексенінші жылдардың басында үлкен өзгерістер болды. Оңтүстік – шығыс бөлігінде  екіқабатты тұрғын үйлер, солтүстік -батысында  тұтас шағын аудан бой көтерді, индустриалды үй салудың тұңғышы – бесқабатты баспана, төртқабатты орыс орта мектебі, үшқабатты байланыс үйі,  механизатор – малшылар даярлайтын білім ордасы - орта кәсіптік-техникалық училище қалашығы сап түзеді.

   Ауылда асфальтталған көшелер мен төсемжолдар пайда болды. Аудан орталығында  мұнарасы 192 метрге көтерілген телеретранслятор құрылысы 1975 жылы басталып, 1979 жылы тәмамдалды. Осындай өзгерістерге Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің „Орал облысындағы Орал қаласы мен аудан орталығы Чапаевты  дамыту туралы”қаулысы  едәуір дәрежеде септесті.

Чапаев топырағы революциялық және әскери дәстүрлерге бай. Ол қасиетті. Сол дәстүрлерге берік чапаевтықтар Отан соғысының ең қатерлі деген шептерінде ерлікпен Отан қорғады. Неміс фашистерімен қиян-кескі ұрыста көрсеткен ерлігі мен асқан қайсарлығы үшін 2 мыңнан астам чапаевтықтар әскери ордендермен және медальдармен мадақталды. Үш жерлесімізге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Олар-И.Щурихин, Б.Абдолов, Е.Орақбаев. 1988 жылдың 29-ыншы шілдесінде Әскери Әуе Күштері капитаны Николай Сайынұлы Майдановқа Кеңес Одағының Батыры атағын беру жөнінде Жарлық шықты. Тұрғындар қасиет тұтатын, ерте көктемнен қыраулы күзге дейін гүл шоқтары бір үзілмейтін 20 –дан астам орындар бар. Кәрі Жайықтың жағасында биіктігі 20 метрлік көкке шаншыла еңселі биік титан ескерткіш тұр. Ол 1971 жылы орнатылды. Дәл осы жерде 1919 жылдың 4 қыркүйегінен 5-не қараған түні ауыр жараланған В.И.Чапаев түн жамылып тұтқиылдан тиіскен жаудың құрсауынан құтылмақ оймен суға түсті. Кейін Лбішін трагедиясы аталған сол қайғылы оқиғаның барша құрбандары, чапаевшы боздақтар аудан орталығының екінші бетіндегі жасыл желекті үлкен алаңға жерленген. Бейіттің биіктеу тұсында мүсінді монумент және П.С.Батуринге ескерткіш бар.Ол комиссардың сол қазалы түні оққа ұшқан жеріне қойылған. Чапаевтың ескі ескерткіші жаңартылды. Аудан орталығындағы үлкен алаңда аты аңызға айналған дивизияның даңқты қолбасшысының қоладан құйылған сом тұлғасы күні бүгінде сарбаздарын ұрысқа үндеп тұрғандай.

Бейіттің биіктеу тұсында мүсінді монумент және П.С.Батуринге ескерткіш бар.Ол комиссардың сол қазалы түні оққа ұшқан жеріне қойылған. Чапаевтың ескі ескерткіші жаңартылды. Аудан орталығындағы үлкен алаңда аты аңызға айналған дивизияның даңқты қолбасшысының қоладан құйылған сом тұлғасы күні бүгінде сарбаздарын ұрысқа үндеп тұрғандай.

Күрделі жөндеуден өткен „Мерей” мәдени – демалыс орталығында осындай көптеген шараларды өткізуге мүмкіншілік молайды.

Чапайлықтардың сүйіп көретін байқаулары көптен көп: „Ақжайық аруы”, „Жігіт сұлтаны”, „Әнші балапан”, „Балдәурен”, „КТК” т.б.

Сондай – ақ ауылымызда Жеңіс күні, Наурыз мейрамы, Тәуелсіздік күні т.б. мейрамдар ерекше аталып отырады.  Азамат соғысының батыры В.И.Чапаев  қаза тапқан жерде орнатылған  обелиск - ескерткіш. Бүгінгі таңда бұл жерде „Даңқ саябағы” орналасқан.     

Тың туралы деректер

      Чапаев  ауданының жұмысшылары мен қызметкерлері СОКП Орталық Комитетінің  ақпан-наурыз Пленумының шешімімен жігерлене отырып ,көктемгі егіске  жан-жақты әзірліктермен кірісті.  1954 жылы 22 ақпан күні Мәскеу және Мәскеу облысының жас ұлдары мен қыздары Үлкен Кремль Сарайына жиналып ,өздерінің алғашқы тың игеруші топтарын құрып ,Қазақстанға басқа тың жерлер игеріліп жатқан облыстарға көмектесуге аттанды.Сондай тың игерушілер легі біздің ауданға да келді.Олардың саны 1000  шақты еді. Бүгінде ауданымызда 50 тың игеруші ардагерлер тұрады.Аудан көлемінде жаңа бастамалар көтеріліп соның нәтижесінде егіс көлемі 16 есе гектарға дейін көтерілді.   1954 жылы Чапаев (Ақжайық) ауданында үш МТС  -Чапаев,Сүттігенді және Октябрь МТС-тері құрылды.         Тың және тыңайған жерді игермес бұрын  ауданда 26,5 гектар егіс алқабы болса ,2-3 жылдың ішінде бұл 130 мың гектарға жетті.1956 жылы аудан Отан қамбасына 1 млн 725 мың пұт астық тапсырды.     Мұндай мол өнімге қол жеткізгені үшін аудан бойынша 130 адам мемлекеттің  орден-медальдарын кеуделеріне тақты.Аупарткомның бірінші хатшысы Кенжебек Меңдәлиев  Ленин орденімен ,МТС директоры П.И.Михайленко ,«1 Май» ұжымшары басқармасы төрағасы М.Хайруллин «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Бұл жетістік ауданға айтулы абырой әкелді.Ал 1958 жылы чапаевтықтар 7 млн 257 мың пұт алтын дән тапсырды. Мұның бәрі молшылыққа жол ашты.Жем,жүгері сабағы жемшөп қорын толықтырып ,мал шаруашылығының дамуына зор мүмкіндік туғызды.  Халық игілігіне құрылыстар салу кеңінен өрістеді.Аудан бойынша егіс далаларында социалистік жарыстар ұйымдастырылды.Соның нәтижесінде 4500 гектар ертелі егісті 5 күн ішінде аяқтаған уақыттар болды.Социалистік жарыстарда Б.Мырзағалиев,З.Мусин ,И.Төрәлиев ,М.Аденов сынды жолдастар шынжыр табанды трактормен сменалық нормаларын 160-200 пайызға орындады.Бір ғана Родник Новый колхозы көрсеткішіне үңілсек ,әр гектарынан жоспардағы 7,8 орнына 13,2 центнер астық жинап мемлекетке жоспардағы 30  мың центнердің орнына 110 мың центнер астық тапсырды.Ауданның бесжылдық жоспары тың игеру кезінде 3-ақ жылда артығымен орындалып ,басқа аудандардың алдына шықты. Ауылшарушылығының  матералды-техникалды базасы бұрынғыдан бетер ұлғайып ,нығайды. 1954 жылы ауылшаруашылығы жалпы жұмысқа пайдаланатын 139 мың трактор ,18 мың отамалы трактор,41 мың астық комбайнын ,69 мың жүк автомобилін ,2 млн-нан астам топырақ өңдеуші ,тұқым себуші ,егін жинаушы құралдар мен басқа да ауылшаруашылық машиналары мен 6 млн тонна минералды тыңайтқыштар алды. Аудан тың игеру кезінде : тары,сортты ақ бидай ,сұлы ,арпа ,қышадан жоғары өнім алды.1954 жылы 500 гектар тың жер жыртылса 1955 жылдың егісі үшін 3 мың гектар тың жер ,жалпы 1140 гектар  тың жер игерілді  және аудан көлемінде 71 дүкен ,250 шайхана ,410 нан пісіретін орын  және тауар қоймалары салынды. Ақжайық өңірінде осындай игі бастамалардың   нәтижесі бүгінгі күнге дейін өзінің  маңызын жойған жоқ. Әлі  күнге   біздің ауданымыз   облыстағы аудандардың   ішінде  бірден-бір егіншілікпен айналысатын аудандардың қатарында  қалып отыр.

В.И.Чапаев  мемориалдық  мұражайы

        В.И.Чапаев мемориалдық мұражайы орналасқан үйді 1854 жылы саудагер Манжуков салған 1919 жылы тамыз айында Лбішін станциясын (Чапаев) 25 атқыштар дивизиясы ақ казактардан азат етіп, Манжуковтың үйінде В.И.Чапаев дивизиясының штабы орналасқан.1941 жылы осы үйде В.И.Чапаевтың мемориалдық мұражайы ашылды. Алғашында мұражай            өлкетану бағытында құрылды. Экспонаттардың ішінде В.И.Чапаев дивизиясының құжаттары, фото суреттер, мүсіндер мен қатар Батыс Қазақстан облысында мекен ететін құстар мен аңдардың кептірілген сүлделері де (чучела)  бар.    1953 жылы мұражай жабылып, 16 сәуірде  1959 жылы В.И.Чапаев мемориалдық мұражай қайтадан ашылды.

1977 жылы мемориалдық үйдің жаныынан қосымша 2 қабатты ғимарат салынды. Мұражайдың 5 залында орналасқан жаңа экспозиция және «1919 ж сентябрьде Чапаевшылардың Лбішінскідегі ерлік күресі» атты диорама залы көрермендерге ұсынылды.

1-2 залдарды «В.И.Чапаевтың өмірі мен жауынгерлік жорықтары мәңгі халық есінде» деген экспозиция орналасты. 3-5 залдарында өлкетану бағытында жинақталған материалдар; ақын Ж. Молдағалиев туралы экспозиция көрсетілген «Мен қазақпын» атты экспозицияда Ж. Молдағалиевтың фото суреттері мен құжаттары, жеке заттары, қолтаңбасы қойылған кітаптары және оралдық скульптор Ю.Баймухашевтың жасаған мүсүіні қойылған.1919 жылы 25 атқыштар дивизиясының штабы орналасқан мемориалдық үйде В.И.Чапаевтың, дивизия комиссары П.С.Балмуриннің кабинеттері, штаб қызметкерлерінің жұмыс бөлмелері бұрынғы қалпына келтірілген. Мұнда қойылған шкаф, столдар, орындықтар, сағат, керосин шамдары штабтың күнделікті жұмыс жайын бейнелейді.В.И.Чапаев мемориалдық мұражайының бірінші директоры - Костенко Евдоким Сергеевич. Ұлы Отан соғысы жылдары майданда қаза тапты. 1959 жылдан 1966 жылға дейін Н.Папов директор болды. 1966 жылдан 1968 жылға дейін Н.К.Лачугина. 1968-1973 жылға дейін Е.Рысқалиев 1973-1986 жылға дейін Подкуйко Дина Васильевна болды.Подкуйко Дина Васильевна 1933 жылы Бітік ауылы Бірінші май ауылдық советінде дүниеге келді.Орта мектепті бітіріп өмір жолын еңбек майданында жалғастырады.Орал педагогикалық институтын сырттай оқып бітіргеннен кейін №1 Чапаев орта мектебінде мұғалім болып қызмет істейді, содан кейін В.И.Чапаев мемориалдық мұражайына экскурсовод болып ауысады.  1973 -77  жылдарда  Подкуйко Д.В. басқарған мұражай ұжымы жинақталып толықтырылған жаңа экспозицияны ашты.  1986 жылы Дина Васильевна өз арызы бойынша №1 мектепке қызметке ауыстырылды.

  В.И.Чапаев мемориалдық мұражайының директоры болып Оразбаева Әсия Шәрапиқызы тағайындалды.

     Оразбаева Әсия Шәрапиқызы  19 жыл мұражай ұжымын басқарып мұражай қызметкерлері үлкен ізденіс жұмыстары арқылы мұражай қорын құнды экспонаттармен толықтырды. Ауданның 80 жылдық мерейтойы қарсаңында  ауданның тарихи-өлкетану мұражайы болып қайта жасақталды.Бүгінгі таңда мұражайға О.М.Иманғалиева басшылық етеді.

 

Аудандағы  тарихи ескерткіштер

 

1.Шіркеу .19 ғ. архитектурасы .Ақжайық ауданы ,Коловертной .а.
 
2.Ескі Шіркеу. 19 ғ. архитектурасы.Ақжайық ауданы,Котелное .а.
 
3.Біздің эрамызға дейінгі 13-15 ғасырларға жататын Қойсары зираты.Қарауылтөбе ауылының солт-шығысында 3.5 шақырымдай жерде.
 
4.Ерте темір дәуіріне жататын Дөңгелек зираты-1,Дөңгелек су қоймасынан
   300 метрдей оңтүстікте.
 
5.Дөңгелек зираты-2,Дөңгелек су қоймасынан 1.5 км. оңтүстікте..
 
6.Кеңсуат обасы.Кеңсуаттың арғы шығыс жақ бетіндеҰзындығы 1 шақырымдай ,ені 300-400 метрдей ,жалпы көлемі  600-800 шаршы метрдей.
 
7.Сондай ауылы орны.ХҮІІ ғасыр ғ..аяқ кезіндегі қазіргі Чапаев ауылының оңтүстік шығыс жағында ,қазіргі Креста деп аталатын тұстағы ежелгі бекініс.
Жергілікті халық Ақтөбе деп атайды.
 
8.25-Чапаев дивизиясының штаб үйлері Бударин  мен Чапаев ауылдарында
 
9.ХІХ ғ. Земстволық емхана Чапаев селосындағы қазіргі сан-эпидемия.станция үйі.
 
10.Ұлы қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бастаған ,одан бұрын 1841  жылы Бөкей Ордасында Хан Жәңгір ашқан мектептер үлгісінде Базаршолан ауылында 2 кластық орыс-қазақ училищесі ашылған.
Сайт создан в системе uCoz
9; орыс-қазақ училищесі ашылған.
Сайт создан в системе uCoz