Ақжайық ауданының  шежіресі

     Тарих қойнауында ашылмай жатқан талай-талай құпия сырлар бар.Солардың кейбірі біздің ауданның шежіресінде жасырынып жатқандай. Олай дейтін себебіміз;Біздің ауданды қақ жарып ағып жатқан Ақжайық өзені бағзы замандарда  «Ликос» деп аталса ,кейін Птолемей  картасында «Дайкс» деп аталған.Ал әйгілі араб географы Мұхамед әл-Идрисидің 1159 жылғы мәліметінде біздің Жайық өзені «Руза» деп. жазылады.Ал Марокко саяхатшысы Ибн Баттута   Сарайшық қаласына бара жатқан сапарында осы өзеннен 1333 жылы жүзіп өткенін жазады.Туған жеріміздің төл тарихының қыр-сыры мол екені осыдан-ақ байқалады. Ал қазіргі аудан орталығы Чапай ауылының тарихы тіпті қызық .Он сегізінші ғасырдың аяқ кезінде Сундай бекінісінің тұрғындары, айналасы түгел көрінетін тік жарға қоныс аударған.  

                                                                        толығырақ

Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері.

Молдашев Сәрсен. 1917    жылы 15 желтоқсан күні  облысымыздағы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Сол ауданның  мектебінде 7 сыныпты бітіріп, Чапаевқа көшіп келіп, оқуын жалғастырды. Орта білім алған Сәрсен ағай білімін әрі қарай  дамыта түсу мақсатында Орал қаласындағы қаражат бөліміне оқуға түсіп, оны тәмәмдаған соң, Чапаевта  бухгалтер болып жұмыс жасады.1939 жылы әскер қатарына шақырылды. 1941 жылы  Ұлы Отан соғысына әскер қатарында жүрген  жерінен аттанып Халхин-Гол  жерінде соғысты. Соғыстан  1946 жылы келді. Одан кейін ауылда  статистика бөлімінде, РАПО-да(аудандық агроөнеркәсіптік бірлестік) бухгалтер болып жұмыс жасады. Еңбек жолының  соңғы жылдарында кәсіподақ ұйымдарында бухгалтер болып , сол жерден зейнеткерлікке шықты.  
                                                                               толығырақ
Өлкетану, табиғат және қоршаған орта
туралы мәлімет.

Ауданның  экологиялық  жағдайы.

     Жайық өзені аймақтың табиғи көркі және басты су көзі болып табылады. Өзенде сазан, көксерке, аққайрақ, табан, алабұға т.б. кәсіпшілік маңызы бар балықтар өседі. Чапай ауылында экология басқармасы жұмыс істейді. Табиғат байлықтары: жер, орман, су, өсімдікпен, жануарлар әлемін қорғаудың болашақ міндеттері экологиялық  басқарманың үнемі назарында. Соңғы кезде өзеннің суы балшықтанып тартылуына байланысты балық қоры азайып барады. Бекіре тұқымдас балықтар мүлдем жоқ.Республикааралық маңызы бар Жайық өзені қамқорлықты қажет етеді.

                                                                                   толығырақ 

 

Фотошежіре

              

           

           

         

 

 

 

 

 

Сайт создан в системе uCoz