Бүкіл мемлекеттің негізі жеткіншектерді

 дұрыс тәрбиелеу арқылы қаланады.

                                                                                                            Цицерон

 

 

 

 

   

 

Мектеп түлегінің әлеуметтік портретін қалыптастыру үшін

төмендегі мақсаттар қойылды:

-Жоғары адамгершілік принциптерді қалыптастыру.

Қоғамның әлеуметтік, саяси және мәдени өміріне бейімделе алатын, азаматтық және қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу;

Оқуға, білімге, ғылымға ұмтылған, көп мәдениетті меңгерген тұлға тәрбиелеу;

Салауатты өмір салтын ұстанатын, денсаулығы мықты тұлға тәрбиелеу.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін гимназистердің жекелей-шығармашылық мүмкіндіктерін ескере отырып, білім мен тәрбиенің сабақтастығын қамтамасыз ететін, бір мақсатқа бағындырылған тәрбие үрдісінің мектепішілк бағдарламасы жасалып, оны жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттер қойылды:

1.Барлық сыныптарда оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, кешенді тәрбие жұмысын жүргізу.
2.Оқушылардың өмірін, денсаулығын, құқығын қорғау үшін құқықтық, денсаулық органдарының қимыл іс-әрекетін біріктіру.
3.Қосымша білім беруді кеңейту.
4.Мектептің жалпы спорттық жұыстарының сапасын арттыру.
5.Психологиялық қызметтің ролін арттыру.
6.Оқушылардың өзін-өзі басқаратын “Жас  Ұлан” ұйымының жұмысын дамыту.

 

 

 

Сайт создан в системе uCoz