Дені сау ұрпақ - ұлт келешегі 

Н.Ә. Назарбаев

7 - 8 қыркүйек аралығында "Ақжайық" балалар саяхат кешенінде оқушылар арасында велотуризм техникасынан облыстық жарыс өтті. Облысымыздың Бөрлі, Бөкейорда, Тасқала, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Қазталов, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау, Ақжайық аудандары мен Орал қаласынан қатысқан командалар мәнерлеп жүру, триал, супервелден өнер көрсетті. Жалпыкомандалық есепте Ақжайық ауданы оқушылар І орынды иеленді. Жетекшілер: Телагисов Қуаныш, Ералиева Самал


Ақжайық ауданының командасы Ғалиақпар Ерхан Айтуғанова Жанат

2000-2006 жылдары "Жайық - Орал" экологиялық экспедициясында мектептің 100-ге тарта оқушылары Жайық өзенінің тазалығына өз үлестерін қосты. (Жетекшісі Телагисов Қуаныш Эдуардұлы, Бисекешов Ақболат Аққайырұлы)

                    


2007 жылы қыркүйек айында Чапаев - Шалқар - Аңқаты - Орал - Чапаев маршруты бойынша мектебіміздің 11 оқушысы туризм орталығымен бірлесіп велоэкспедицияєа қатысты. Облысымыздың ауыл - аймақтарымен танысып, табиғатты тамашалады. 320 шақырым (Жетекшісі Бисекешов Ақболат Аққайырұлы)

                  

19.11.2007 жылы оқушылар спартакиадасы шеңберінде тоғызқұмалақ пен шахматтан өткен аудандық біріншілікте мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.


Мектебіміздің мұғалімдер командасы аудандық мұғалімдер спартакиадасының жүлдегерлер қатарында. 2008 жыл. Аудандық қысқы туризм. Мектеп командасы ІІ орын.

             

Тоғызқұмалақтан: Сұлтанова Д - І орын, Қадырғалиева А, Хамидуллин Р - ІІІ орын

Шахматтан: Тұяқпаев Б чемпион атанды.


Еркін күрес.

1. 2007-2008 оқу жылы қарсаңында біздің оқушымыз Орынғали Қайрат Астана қаласындағы балалар спорт интернатына оқуға түсті.(Жетекшісі Баймурзин Берік Ғалиақпарұлы.)


2. 23 қазан күні Чапаев ауылындағы "Болашақ" спорткешенінде 1990-1993 ж.т., 1994-1995 ж.т. арасында Республика күніне арналған жарыс өтті.

М. Әуезов атындағы №2 ОЖББМ:

  1. Ізмағамбетов Т            29кг - І орын
  2. Бекесов Әлішер           54кг - І орын
  3. Ермеков Бауыржан      42кг - ІІ орын
  4. Фазылов Махамбет      42кг - ІІІ орын
  5. Сүйінғалиев Азамат     42кг - ІІІ орын
  6. Жоламанов Айбек        69кг - ІІІ орын
  7. Тәжібек Ерлан              26кг - ІІІ орын

                                        

Қабылов Демеу - еркін күрестен аудан, облыс, халықаралық жарыстар жеңімпазы. 2004-2008ж.ж.


Бокстан олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен кездесу сәті.

 

Сайт создан в системе uCoz