Қазақ орта мектебі

Қазақ АССР министрлер кеңесінің қаулысына сәйкес 1937 жылы қазақ орта мектебі құрылды. Сол жылы 8 класқа 34 оқушы қабылданды. Олардың біразының есімдері мектеп мұрағатының  сарғайған парақтарында, ардагер ұстаздардың жеке іс-қағаздарының арасында сақталған:

1. Сүндетқалиев Мәжит

2. Сидағалиев Әміржан

3. Дәулеталиева Ұмсынай

4. Жарылғапова  Злиха

5. Құрманєалиев  Ораз

Осы оқушылар алғашқы түлектер қатарында  болды. Әйтсе де кейбір өзгерістер бар. Толықтырып алсақ 1937 жылы бітіргендерден жалғыз ғана Нұғманова Жазима белгілі.  Ал 1940 жылғы алғашқы түлектер тізімі мынадай :

1. Жанғалиев Есенғали

2. Сабирова Зымрат

3. Дәулетқалиева Ұмсынай

4. Хабиева  Аққыз

5. Аяпов Асқар

6. Қыжықаев  Бисен

7. Аяпова Үміт

8. Нұғыманов  Хайрөш

               Ал, 1944 жылы бітірген түлектер

1. Сидағалиев Ә.

2. Жарылғапова З.

3. Құрманғалиев.У.

4. Ламашев Әсет

5. Сүндетқалиев Мәжит

6. Абдешев  Құсайын  -1947 ж.

7. Базанов  Т.   – 1948 ж.

8. Аслямов.Р.  -1948 ж.

9. Шанаев.Ө. -1948 ж.

10. Аяпқалиева.С. -1952 ж.

11. Сейілханова.Тәнеш.  -1952 ж.

12. Батырова  Б.  -1952 ж.

13. Өтепбаев  К.  -1952 ж.

14.  Қобланова   Ү.  -1952 ж.

            Бұл ардагер ағалар мен апалар  қатарында 1937-42 жылдарда оқыған Нұғыманов  Ысқақ Едресұлы  мен Нұғыманова  Жазима апайды да құрметпен еске аламыз.

Сол жылдардағы аға пионер вожатый  Латыпова Әмина Ғарифқызы еді. Әмина апай 1937-38 жылдарда  осы мектептің қабырғасында жұмыс істеді.

Соғыстан оралмаған түлектердің жалпы тізімі  төмендегідей:

1.Аяпов.Т.                          

 2.Жүнісов.С.

3.Усағазиев.О.

4.Есентаев.М.

5.Жұмашев.А.

6.Ізбазаров 

7.Сидағалиев.Ә.

8.Сағынғалиев.О.

9.Құрманғалиев.О.

10.Нұғманов.Х.

11.Омаров.Г.

12.Оспанов.Х.

13.Харесов.

14.Ромашев.М.

Қаһарлы 1940-шы жылдардың түлектері сүйікті  кең байтақ  Отанымызды  неміс-фашист басқыншыларынан арыстанша айқасып қорғады. Елге аман оралғандары халық шаруашылығын қалпына келтіруге жан аямай ат салысты.

Алғашқы орта мектеп ұжымында 15 мұғалім, 500- дей оқушы болды. 1940 жылдардан бастап орта мектеп болып жұмыс  жасай бастады. 1941 жылы 45 оқушы білім алды. Сол кездегі аудан көлеміндегі қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектеп еді. Аудандағы үлкен 4 мектептің бірі, (Қарсы, №1 Чапаев орта мектебі, Шалқар, Чапаев қазақ ОМ.) солардың ішінде, осы Чапаев  қазақ мектебі бар еді. Кішкене ғана алғашқы мектеп үйінің іргетасын   қалағандар : Нұрсалиев Оспан, 1940 жылғы   мектеп директоры - Қойшығұлов Ќабдолла, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  - Нәрбиева Көркем , алгебрадан сабақ берген   Ниетов Бексары, орыс тілінен дәріс берген   Қаратаев Ғали, химиядан Меңдіғалиев Қабдолла, тарихтан  Ќойшығұлов. Сол жылдардағы мұрағат парақтарын ақтарып отырып, алғашқы оқу бөлімі  меңгерушісі Қарашолақов  Шерғали аға болғанын білеміз. 1944 жылы 17 ақпанда аудандық кеңестің атқару комитетінің қаулысымен осы қазақ мектебі жанынан 5 айлық педкурс ашылды. Оған 20 тыѕдаушы қабылданды. Олардың қатарында Жақашева Нағима, Тастемірова.Т. ,Есекенов.О., Жалелова.Х., Мырзағалиева.Ж., Ғұмаров.С., Өтебаева.Р., Сұлтанєалиева, Тоймашев, Ќадырғалиева, Қаражанова, Багрова, Днишева.С, Нұрғазин.З., Бекмашев.Н., Жүсіпбекова.К., Ќұлмашева, Ќарабалина Нұрсұлу, Нұрғалиев, Жұмағалиев, т.б. бұлардың көбі осы курсты бітіріп, мұғалім болып жұмыс істеді.

                1962 жылы Тайпақ, Чапаев аудандары қосылып,мектеп    11 жылдық білім беруге көшті. Бұрын неміс тілі оқытылса , енді француз тілін оқытуға  ден қойды. Мектепке Алматыдан шет тілдер институтын француз тілі мамандығы бойынша бітірген жас маман Мұқанова.И. келіп, француз тілінен дәріс берді.  1963 жылы мектептің оқу бағдарламасына «Мал шаруашылығы негіздері» деген пән енгізілді. Ауыл шаруашылығын механикаландыру пәнінен Костин.В.Ф. пен Дәулеталиев Хамит сабақ берді.

   Серік Құбашев, Күләш Ахметова секілді  түлектер мектепті  алтын медальмен, ал Елешев  Нұржан  күміс медальмен   бітірді. Мектебіміз ол кезде осы қазіргі Қонаев көшесіндегі қазіргі жинақ кассасы орнында бір қабатты ескі үйде орналасқан еді. Қасында қырдағы үйлер тәрізді тамда мектеп интернаты орналасты. Интернат меңгерушісі Ќаражанов  Иманқұл  деген азамат өте ыссы адам болған.  1975 жылы мектеп үйі өзінің орнын 3-ші рет өзгертіп, бұрынғы орыс мектебінің орнына, Чапаев көшесіне орналасты. Ол кезде мектепте 43 мұғалім болатын, 494 оқушысы бар еді,мектеп жаңа реформаға сай үлгілі жұмыс істеді.Мектепте сол кезде 3 Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері,      2 аға мұғалім болатын. Оқу кабинеттері жақсы жабдықталып, оның ішінде математика , физика, география, химия, биология, орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын және тарих кабинеттері, 3 бастауыш, 3 еңбек, 1 қол еңбегі кабинеттері жұмыс істеді.

            1955 жылғы түлек Тілек Бөлеев ағамыз еді. Тілек ағамыз  өмір бойына  Жаңақала, Қаратөбе, Чапаев аудандарында басшылық етті. Хатшы, төраға қызметтерін атқарды. Жұбайы  Шайкенова  Райса да осы мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді.        

Сәлекеш Қыдырұлы Қыдыров  та  осы 1965 жылы мектепті  бітіріп, ОПИ-дің тарих факультетіне түсіп, оны ойдағыдай аяқтап, бүгінгі таңда мектебімізде  тарих  және құқық пәндерінен   дәріс береді. Төлепов  Ғалам Төлепұлы да- осы жылғы түлек. Каз ГУ-дің Заң факультетін бітіріп  , облысқа белгілі заң қызметкері қызметін атқарды.

Мектебімізде 6-сынып оқып жүргенде, тұңғыш рет 1959 жылы үлгілі тәртібі мен жақсы оқығаны үшін Жұмағалиева Зәуреш Жұбанқызы Артекке барып демалып қайтты. Кейінгі жылдарда мектебіміздің оқушылары Жұмағалиев Айбатыр, Сағатова  Макка  т.б. осы Бїкілодақтық пионерлер ұйымының орталығы  Артекте болып қайтты.

Ал, 1970-1980 жылдардың ұстаздары мен түлектері де партия талабына орай бесжылдық міндеттерін орындауға күш салды. Олар кең далада мал бақты, шөп шапты, егін орды. Халқымыздың материалдық – тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлес қосты. Мектеп 1975 жылы қазіргі  ғимаратқа көшірілді.

Шәкірттерге саналы тәрбие, сапалы білім беруде  ауданда алдыңғы қатарда көрінген мектептің ұстаздар ұжымынан Габдуллина Жансұлу, Айтқазиева Халида, Жақсылықова Орынша, Жиенбаева Шамшия, Ламашева Гүлнар, Нысанова Ќалау Серікқызы, т.б. 1994 жылы ашылған Абай атындағы мектеп-гимназияға жұмысқа ауыстырылды. Онда да бұл ұстаздар тобы сенімді ақтап , жемісті еңбек етті.

Қазақстан  Республикасы үкіметі 2000 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасындағы  кәсіпорындар мен ұйымдарды, мекемелерді, теміржол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ, физикалық - географиялық  объектілердің атауларын өзгертулер тәртібін   бекіту туралы №1325  қаулысы бойынша №2 Чапаев қазақ орта мектебіне  М.Әуезов есімі беріліп өзгертілді. Білім ордасы  шаңырақ көтергеннен бері  мектеп ұжымын мына басшылар басқарды:

1. Қойшығұлов.Қ.-1937 ж.

2. Бисенғалиев.Ќ.-1945-46 ж.ж.

3. Айтмағанбетов.Ж.-1946-51 ж.ж.

4. Айтжанов.Жолай-1951-52 ж.ж.

5. Ершуриева.Ұрхия -1958-1960 ж.ж.

6. Ишимов.Сәлім.-1960-1962 ж.ж.

7. Сүндетов.Сабыр.-1962-1965 ж.ж.

8. Имашев Есенғали -1965-1966 ж.ж.

9. Рахимбердин Мақсот -1966-1970 ж.ж.

10. Жанұзақов Бектеміс- 1970-1974 ж.ж.

11. Сүлейменов Аманқұл1974-1977 ж.ж.

12. Ќожахметов Өтеғали 1977-1983ж.ж.

13. Нұрғалиев  Жағалтай-1983-1985ж.ж.

14. Айткулов  Бірлес-1985-1987ж.ж.

15. Нұржанова  Райса -1987-2002ж.ж.

16. Серғазиев   Дидар -2002-2009

17. Қаденов Қайырғали - 2009  күні бүгінге дейін.

Сайт создан в системе uCoz