М

М. Әуезов атындағы

№2 орта жалпы білім беретін мектеп.

        Қаденов Қайырғали Батыргереевич - мектеп директоры. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын 1980 жылы "Тарих және құқық негіздері" пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Ұзақ жылғы іс-тәжірибесі мол ұстаз әріптестерінің арасында беделге ие. Қайырғали Батыргерейұлы 1999 жылдан бастап мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Ұстаздың көптеген шәкірттері аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысып, жоғарғы оқу орындарын бітіріп, әр салада қызмет істеп жүр. Ұстаз аудандық, облыстық мақтау қағаздарымен марапатталды. ҚР білім беру ісінің үздігі. Қайырғали Батыргерейұлының озат іс-тәжірибесі аудан көлемінде таратылды.

      Абсалямова Заузат Тоқбайқызы - мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. 1977 жылы Жезқазған облысы Ұлытау ауданында дүниеге келген. БҚМУ - нің шет тілдер факультетін 2003 жылы бітірген. Ізденімпаз жас ұстаз әр сабағын талапқа сай өткізе жүріп, әріптестерінің ортасында зор құрметке ие. Заузат 2007 жылғы жаңа оқу жылын мектеп директорын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметімен бастады. Оқу - тәрбие саласындағы жетістіктері мол.

       Мендешева Айгүл Еділбайқызы - мектеп   директорының   оқу   ісі   жөніндегі   орынбасары.   Батыс Қазақстан   мемлекеттік   университетін   сызу   және   бейнелеу   пәні   мұғалімі   мамандығы   бойынша  бітіріп шықты.   2005   жылдан   мектептегі   ғылыми  -  әдістемелік  кеңестің  төрайымы,  2008 жылдан бастап мектеп директорының   оқу   ісі  жөніндегі  орынбасары  қызметін  атқарып   келеді.   Ұстаздың   шәкірттері   аудандық, облыстық,   республикалық   байқаулардан   жүлделі   орындар   алып   жүр.   Айгүл   Еділбайқызының озық іс - тәжірибесі   аудан,   республика   көлемінде   таратылды.  Ұстаз   аудандық,   облыстық   мақтау   қағаздарымен марапатталды.

      Есеналиева Қалампыр Қобыландықызы - мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1996 жылы БҚМУ-нің филология факультетін бітірген. 2002 жылдан бастап мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2000, 2002 жылдары шәкірті С Көшімова аудандық пән олимпиадасының жүлдегері атанды. Педагогикалық шығармашылық жетістіктері үшін аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.
           Сүлейменова Үміт Бақсиыққызы - 1976  жылы  Орал  педагогикалық  институтының   шет  тілдер   факультетін  бітірді.  1995-1998 оқу  жылдары   бастауыш   кластың   оқу  ісінің  меңгерушісі   қызметін  атқарды.  Жаңашыл    ұстаз  1997 жылғы  дәстүрлі   аудандық  « Жыл  мұғалімі »  сайысының жүлдегері. 1998-2003 оқу  жылында  мектептегі   шығармашылық  топтың   жетекшісі   болып,   әріптестерінің   мамандық   шеберліктерін   шыңдауға   да  көп   үлес  қосты. Ұстаз   баулыған  шәкірттер  И.Айтжанова , И Абдірақманова,  Қ.Ибраева , А.Жылқайдаров  жыл  сайынғы  өткізілетін  пән   олимпиадаларынан   аудан  намысын   қорғап , жүлделі   орындарға  ие  болды. ҰБТ –де  Үміт  Бақсиыққызы  оқытқан   оқушылар   ағылшын   тілінен  жоғарғы    көрсеткіш көрсетіп   жүр. Шәкірт  тәрбиелеудегі  шығармашылық   табыстары  үшін  ұстаз ҚР Білім   және Ғылым  министрлігінің   Құрмет   грамотасымен , облыстық  білім   басқармасының ,  аудандық  білім   бөлімінің   мақтау  грамоталарымен  марапатталды.
         Құрақаев Әміржан Ермекұлы - мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары. 1960 жылы 12 маусымда Ақжайық ауданы Алғабас елдімекенінде шаруа жанұясында дүниеге келдім 1976 жылы орта мектепті бітіріп. Чапай ауылындағы баспаханада жұмыс істеген. 1978-1980 жылдары әскерей борышын аяқтаған. 1981-1998 жылдары ІІМ - де қызмет атқарға. 1998-2005 жылдары Чапаев ауылдық әкімшілігінде шаруашылық қызыметтерін атқарған. 2005-2007 жылдары Аудандық әкімшілікте, 2007 жылдың маусым айынан М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары.

 

Әдістемелік бірлестіктері

Бірлестік

Жетекшісі

Жоғарғы санат

І санат

ІІ санат

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қайрлиева Г

1

6

1

Орыс тілі мен әдебиеті

Ишангалиева Г.У.

1

4

3

Ағылшын тілі

Егзалиева М.Ж.

2

2

1

ИФМ

Қадырғалиева К.А.

3

2

5

Тарих

Сарсеков А.Қ.

1

3

2

Хим – Биол

Агедилова Г.Г.

2

5

2

Дене шынықтыру

Бисекешев А.А.

-

4

4

Еңбек, сурет, ән-күй

Медеуов Қ.Б.

1

5

4

Бастауыш

Қыдырова С.С.

2

7

6