Жадынама

Баласының сеніміне кіру үшін ата-анаға қажетті кеңестер.

 

Құрметті ата – ана!

 

         Қазақ халқы дүниеге жаңа келген баланы періштеге теңеген. Ал сол баланың қандай болып ер жетуіне ең алдымен ата-ана тәрбиесінің ықпалы күшті екені жасырын емес. Ата-ана тәрбиесінің өз жемісін беруі, баланың тәрбиелі болып ер жетуі көп жағдайда бала мен ата-ана арасында өзара сенімнің болуына байланысты.

          Сондықтан төменде берілген кеңестерге назар салыңыз!

          -Балаңызға қандай жағдайда болса да көмек сұрап келген кезде көмектесуге әзір болыңыз;

          -Мектепте күнделікті болып жатқан оқиғалар туралы балаңыздан сұрап біліп отырыңыз;

          -Балаңыздың бойындағы, көңіл – күйіндегі өзгерістерді үнемі бақылап жүріңіз;

          -Әр түрлі шешімі қиын мәселелерге байланысты пайдалы ақыл кеңестер беруге тырысыңыз;

          -Балаңыздың жас ерекшеліктерін ескеріңіз, балаңызға кеңес бермес бұрын мектеп психологынан немесе класс жетекшісінен кеңес алып, тығыз байланыста болыңыз;

          -Балаңыздың достарының қандай екенін ертерек анықтаңыз;

          -Балаңызды мектепте және мектептен тыс уақыттағы тәрбиесін үнемі қадағалап отырыңыз;

          -Балаңыздың болашағына – отбасындағы тәрбиенің елеулі әсер тигізетінін ұмытпаңыз;

           -Балаңызға берген уәдеңізді әрқашанда орындаңыз.

Жадынама

Егерде сен қиын жағдайға тап болсаң!

 

Құрметті оқушы!

 

          Өмір жолы - қиын жол. Сол жолда адам баласы сан қилы қиындықтарды басынан өткеріп, оларды ерік – жігерін жұмылдыра отырып еңсеруге тырысады. «Алынбайтын қамал жоқ» демекші адамның сол қиындықтарды жеңуге өз тарапынан құлшынысы, ұмтылысы болса, бәрін де жеңіп, алдына қойған арман – мақсаттарына жетуге ерік- күші толық жетеді. Бұл қиындықтар күнделікті өзіңді қоршаған адамдармен (ата-ана, достарың, мұғалімдер, өзге де ересек адамдар) қарым – қатынаста кездесетін келіспеушіліктер, дау- жанжал, т.б. жағдайлар болуы мүмкін.

          Сондықтан төменде берілген кеңестерге назар аударған жөн!

          - әрбір баланың ең бірінші ақылшысы  - ата –анасы. Сол себепті мектепте болатын түрлі жағдаяттарда өз – өзіңді қалай ұстау жөнінде ата-анаңмен ақылдас;

          - мұғалімнің берген ескертулерін, жазалау шараларын түсіністікпен қабылдап, өз кемшіліктеріңді жоюға тырыс;

          - мектепте сыныптастарыңмен, өзге оқушылармен, мұғалімдермен сыйластық қарым – қатынаста болуға тырыс;

          - себепсіз пәле-жаладан өз – өзіңді қорғау үшін әр уақытта да шыншыл бол, өз ойыңды еркін айта біл, өз құқығыңды қорғай біл;

          -  мектепте жүрген кезіңде шешімі қиын мәселелерде саған ақылшы болатын, көмек қолын созатын мұғалімдер, сынып жетекші, мектеп психологі бар екенін есіңде ұста;

          - қандай қиын кедергілерге кездессең де оны жеңуге болатынын біліп, ерік- жігеріңді соған жұмылдырып, жоюға тырыс;

          - «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей өзінің кездескен қиындықтарыңды шамаң келгенше өзің қажет деп тапқан адамдарыңмен бөлісіп, олардан ақыл – кеңес, көмек сұрауға тырыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ата - аналар ұйымының құрамы

Ата аналармен және жұртшылықпен жұмыс жоспары

Сыныптар бойынша ата - аналар ұйымының құрамы


 

М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп

К е л і с і м-ш а р т

                             Мектеп жарғысының 9- бабының 1 тармағына сәйкес құрылды.

Ата-ананың құқықтары мен міндеттері

                    Оқушының ата-анасы құқықты:

-         оқушы туралы кез келген мәлiметтi алуға, пән мұғалiмдерi мен психологтан жеке кеңес алуға;

-         мұғалiм келiсiмiмен сабаққа қатысуға, сабақтың қорытындысын талдауға;

-         мектептегi кез келген шараларға қатысуға;

-         мектептегi өз  баласының  мүддесiн қорғауға;

-         оқу - тәрбие жұмыстарының сапасын талап етуге;

-         бала денсаулығына  келтiрiлген  зияндықтардың орнын толтыруды талап етуге;

-         жұмсалған шығындардың есебiн талап етуге. 

             Оқушы ата-анасын

     -    мектеп пен ата-ана арасында жасалған келiсiм - шартты орындауға;

-         мектептiң  Жарғы талаптарын орындауға;

-         мектептiң материалдық базасын кеңейту мен ұйымдастыруда өз мүмкiншіліктерінше қатысуға;

-         мектеп басшыларының өтiнiшi бойынша мектептегi үлкен шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысуға;

М е к т е п   т а р а п ы н а н   а т а – а н а ғ а  қ о й ы л а т ы н   т а л а п т а р

  1. Баланың ар-намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.

  2. Баланың оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге, ынтамен жұмыс істеуге, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысуға жағдай жасау.

  3.Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмау, баланың сабақ  үлгерімін қадағалау.

  4. Мінез-құлық ережелерін сақтау:

    *басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;

    *баланың  денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу.

   6. Ата-ана тарапынан  салауатты өмір салтын сақтау (темекі шекпеу, ішімдік пайдаланбау, нашақорлықпен күресу).

   7.Оқушыны сабаққа уақытында  таза және ұқыпты мектеп формасымен жіберу (балалардың шаш қойысын ескеру), сабақтан кейін қарсылап алу.

   8.Сабаққа кедергі жасайтын түрлі техникалық құралдар (ұялы телефон,  аудио - виде плеер) әкелуге тыйым салу.

   9. Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысуға жағдай жасау.

  10. Сабақтан тыс уақытта ата-аналар баланың тәртібіне жауап береді;

  11.Баланың кешкі сағат 1000-ден кейін көшеде жүруіне тыйым салынады;

  12.Баланы дүкенге темекі, алкогольді ішімдіктерге жұмсауға тыйым салынады;

  13.Баланың көлік жүргізуіне тыйым салу;

  14.Баланың өз бетімен балық аулауына, су жағасына, орман алаңына баруына тыйым салынады;

  15.Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл  бөлу;

  16.Заман талабына сай өзінің діни білімін көтеріп, балаға дұрыс бағыт беру.

  17. Егер бала тарапынан  әдеттен тыс іс-әрекеттер байқалса, мектепке шұғыл хабарлау.

 18.Оқушының тарапынан мектепке келтiрiлген материалдық залал ата-анасына қолхат арқылы хабардар етiліп,толықтырылады немесе жөнделеді.

 19.Бiрнеше рет мектеп Жарғысын бұзған, жасы 15-ке толған оқушы мектеп Кеңесiнiң  шешiмiмен мектептен шығарылады..

          Мектеп директоры:                                       Қ.Б.Қаденов       

      

      

       Тәрбие ісінің меңгерушілері:                        Г.О.Шамелова ,                              Қ.Қ.Есеналиева      

       Оқу ісінің меңгерушілері:                             А.Е.Меңдешева,                             З.Т.Абсалямова

М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп

Келісім- шарт

 Мектеп жарғысының 9 бабының 1 тармағына сәйкес

 

Мектеп оқушыларының құқықтары мен міндеттері

 

Оқушының құқығы

   - Жарғыда кепілдік берілген, мемлекетттік стандартқа сай  деңгейде білім   

     алу;

   - оқу үрдісі барысында лаборатория, кабинет, аудитория,         

кітапхана, есептеу техникасы,  асхана, медициналық кабинет қызметтерін пайдалану;

  - өздерінің сынып бөлмелерін сақтау және оқу-тәрбие үрдісінің  

сапасына қатысты өз пікірін білдіру;

  - мектеп бітірген соң білімін жоғарғы оқу орындарында жалғастыру;

  - оқушыларды қоғамдық, қоғамдық-саяси ұйымдар, қозғалыстар мен    

партиялар лажсыз  кіргізуге, сондай-ақ бұл ұйымдардың қызметіне    

қатысуға жол берілмейді. Мектеп білім беру саласында мемлекеттік саясат  

принциптерін сақтайды, діни және ақсүйектілік білімге бөлінбейді.

Оқушының міндеті

   - Білім бағдарламалары мен жоспарларында қарастырылған барлық

тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындау;

   - Өзінің мәдени деңгейін жүйелі көтеруге, мектеп формасын сақтауға;

   - Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін  

қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру;

   - Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп   

директорының, мұғалімдердің, педагогикалық ұжымның нұсқаулары мен  

бұйрықтарына, сондай-ақ сынып жетекшісінің нұсқаулары мен мектептің  

кадрларына бағыну.

   - Мінез-құлық ережелерін сақтау:

   * үлкендерді құрметтеу;

   *басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;

   *өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы    

қам жеу.

    - Мектеп  оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.

   - Сабаққа кедергі жасайтын түрлі техникалық құралдарды (ұялы

 телефон, аудио, видеоплеер) әкелуге тыйым салынады.

   - Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау;

   - Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысу;

   - Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

Мектеп тарапынан ішкі тәртіп ережелерін сақтауға қойылатын талаптар.

   - Осы Жарғының талаптарын, оқушылар ережелері мен басқа да мектептің

локальдық актілерін сақтау

   -  Заңға қарсы әрекеттер, Жарғыны өрескел, бірнеше қайтара бұзушылықты    жасағаны үшін мектеп Кеңесінің шешімімен педагогикалық ықпал жасаудың    ең соңғы шарасы - жасы он алтыға толмаған оқушыларды мектептен шығару    

қолданылады.

          Мектеп директоры:                                                        Қ.Қаденов      

         Тәрбие ісінің меңгерушілері:                                           Г.О.Шамелова

                                                                                                   Қ.Қ.Есеналиева

         Оқу ісінің меңгерушілері                                                 З.Т.Абсалямова

                                                                                                  А.Е.Меңдешова

           -сынып жетекшісі:                                        

Ата-аналардың жаз айларында балаларының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуі туралы

ЖАДНАМА

         1.Балалар жаз айларын асыға күтеді - суға шомылып, күнге қыздырынуға, қайықпен қызықты қыдырыстар жасауға. Бірақ демалып немесе ойнап жүрген кезде балалар су айдындарындағы қарапайым сақтық шараларын жиі бұзады. Ал су шолжаңдағанды жақтырмайды және ереже сақтамағандарды қатаң жазалайды. Су айдындарындағы қауіп-қатерден сақтану ережелері:

1).Суға тек рұхсат етілген жерлерде, толық жағдайлар жасалған жағажайларда шомылыңыздар!

2).Суда жүзуге қолдан жасалған құрылғыларды пайдаланбаңыдар!

3). Өзендердің қатты ағысты, тік жарлы, батпақтанған және өсімдік өскен жерлеріне шомылмаңыздар!

4). Таныс емес жерлерде суға сүңгімеңіздер! 

 

2.Балаларыңызға сағ.22.00-ден соң  ата-ананың қарауынсыз қоғамдық орындарда, сағ.23.00-ден соң көшеде жүруіне тиым салынады (ережені сақтамаған жағдайда ата-анаға айыппұл салынады).

 

 3.Балаларыңыздың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырыңыз (жазғы демалыс лагерлеріне жіберу).

 

4.Жұмыста жүрген уақытыңызда балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар, бірге жүретін немесе ойнайтын достарының кімдер екенін біліп отырыңыздар.

 

5.Сіріңкемен ойнауына жол бермеңіздер!

 

6.Зиянды заттардан (арақ, темекі,  наша, насыбай) бойларын аулақ ұстаңыздар.

Балаларымыздың амандығын тілейік!

 

М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ

2012-2013 оқу жылы

Сайт создан в системе uCoz